Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ҚАЛАМГЕР ХАҚЫНДА...

Мархабат Байғұт хақында кім не дейді?

Қаламгер хақында лебіз білдірушілер көп. Мұнда М. Байғұт ұстаз тұтатын ақын-
жазушылар, үзеңгілес қаламгерлер, Мархабат баулыған шәкірттер пікірлері берілген.

«Мырзатерек Мархабат – бойыңызға сүйсінген ойлы оқырманның бағасы. Мэтр Мархабат (Т. Байтас) – шаршау білмес шеберлігіңізге, үйретері барға берілген «лауазым». Маэстро Мархабат, яки Мүршид Мархабат деп келетін тағы бір бейресми атағыңыз бар.»

Сәрсен бек Сахабат
Ақын, журналист.


«Мәшине мәселесін басқалар емес, Мархабат терең танып, жұтынып тұрған ауыздан түскендщей, төкпей – шашпай, сапырып – көпіртпей, өмірден өнерге жип-жинақы күйінде аудара қойған екен. Суреткердің хас шеберлігі дегенде, осындайды айтса керек. Осындай-осындай қарапайым ғана, шағын дүниелерінің өзі жазушыны көркем әдебиетіміздің биік мәселесіне көтеріп отыр»

Керімбек Сыздықұлы


«Осы маңдайы мыж-мыж деп жұрт елемейтін Мархабаттың миығына өзімізді былай қойғанда өзгенің марғасқалары жетер-жетпес жердегілер, яғни мойыны оза алмағандар»

Н. Бегалы
ақын


«Суреткерді әрбір оқырманның «Менің Мархабатым» деп меншіктеуіне, мақтануына әбден болады деп білеміз»

Сайлаубек Жұмабек


«Қазіргі қазақ әңгімесінің даму деңгейі турасында сөз қозғала қалғанда жазушы Мархабат Байғұт есіміне ерекше ілтипат бар екенін айтпауға болмайды».

Жанат Ай – Мұхамбет
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия


«Қарапайым оқырман ретінде мен Мархабаттың «Қорғансыз жүрегін» енді ғана оқитын жандарға іштей қызығамын. Әсіресе, «Бір дорба диплом» әңгімесіндегі кейіпкер Қаншайыммен, «Үш үй» әңгімесіндегі Дархан Есеновпен, «Киікоты» әңгімесіндегі Қисаның әкесімен, «Кезеңдегі музыка мектебі» әңгімесіндегі композитор Кемел Байсаловпен алғаш рет танысатындарға қызықпау тіпті мүмкін емес сияқты».

Нұрғали Ораз


«Құрметті азамат» деген атақтың кімдерге берілуі керектігінің үлгісін жақында ғана Оңтүстік Қазақстан облысы көрсетіп берді... Мархабат Байғұттың Оңтүстік Қазақстан облысының әдеби-мәдени деңгейін көтеруге ат жалын тартып мінгелі бел шеше араласып келе жатқаны әмбеге аян. Рақманқұл Бердібай мен Мархабат Байғұт Оңтүстік Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне ерекше үлес қосып, дәл қазір өздері де үлкен рухани тұғырға, үлкен рухани тірекке айналып отыр. Облысқа ерекше еңбегі сіңген мұндай тұлғалардың «Оңтүстік Қазақстанның құрметті азаматтары» деген атаққа ие болуын қуана құптадық.

«Жас алаш» газетінің редакциясы


«Әдебиет пәнінің періштесі» - тәуелсіз қазақ әдебиетінің – жаңа әдебиетіміздің бір ырысы, бір несібесі, бір олжасы ретінде жалпақ жұртқа кеңінен мәлім, көшелі туынды ретінде ортақ мақтаныш».

Сайлаубек Жұмабек


«Әдебиет пәнінің періштесі» отбасы, ошақ қасының күйбеңшіл күңкілі емес, биікке талпынған бекзат болмысымыздың шерлі шежіресіндей шығарма.

Нармахан Бегалыұлы, ақын.


«Өнер деген киенің бір қонған жері – Түркібасы болса, шынайы болмысы ерен көркемсөз шебері Мархабат Байғұт екен-ау.»

Әбілда Аймақ


М. Байғұт прозасына тән нәрсе адамның ішкі дүниесіне көбірек үңілу, шығармаларын ішкі тартысқа құруы.Оның прозасы композиция жағынан да ішкі монологқа, психологизмге құрылған. Мұның өзі жазушының кішкене оқиғадан үлкен драматизмге, қарапайым өмір шындығынан үлкен философия аңғрта білуге жетелеген. Бұл, біздіңше, Мархабат Байғұт шығармашылығының үлкен жетістігі, жеңісі

Құлбек Ергөбек


Мархабат Байғұт шығармаларының кез келгені оқырманға бір ой салады, ойсыз, түйсіксіздің өзі ойлануға тиісті мәселелерді ұсынады.

Нариман Нұрпейісов
ОҚМУ доценті

Мәтінді толық оқу


Мархабат Байғұт – көркем шығармаларында да, публицистикасында да айтарын айты, жазарын жазып келе жатқан жазушы. Жақында ғана «Жас алаш» газетінде «Иттің құқығы» деген әңгімесі жарияланды. Осы әңгімені баяғыда Гоголь жазса, бүкіл Петербург, бүкіл Ресей елең ете қалатын еді деп ойлаймын.

Сәуле Жантелиева


Мархабат аға Байғұт жайлы айтқанда оның ең алдымен ардың ісі әдебиетке адалдығын, тазалығын атап өткен орынды. Шығармаларына көбіне ауыл өмірін, қарапайым тіршілікті, қазақы қалжыңды өзек етіп алатындығымен ерекшеленеді. Биязы, сыпайы, аңғал, қулық-сұмдықтан ада, кіршіксіз таза пейіл, аңқылдаған ақ жарқын мінез...

Жәмилә Мамырәлі.

Мәтінді толық оқу


Мархабат аға мен үшін өмірде де, әдебиетте де ұстаз аға болып келе жатқан жан. Шығармашылықтан басқаны өмір деп ойламайтын, тек қаламына ғана сүйеніп тіршілік жасайтын қаламгерлер біздің өлкеде санаулы-ақ.. Өзі де сондай болған соң, осындай санаулы дарындарға қамқор, баскөз болып келе жатқан ағамыздың мен үшін сіңірген еңбегі ерекше.

Әбділда Аймақ
Ақын, Қаз. Жазушылар Одағы Оңтүстік
Қазақстан бөлімшесінің төрағасы.


Марқа ағамның мизан мақамы Иван Бунин шеберлігінен әсте олқы түспейді. Менің айтпағым М. Байғұттың ғалам мойындаған Бунинмен стиль қаптаудағы құйрық тістескен шеберлігі.

Сәрсен Бек Сахабат


Махаңның «Көксу комедиясы немесе сайлау хикаясы» - тыңнан түрен салған, уақыт талабына сай өткір жазылған қазақ драматургиясындағы тұңғыш сатиралық пьеса. М. Байғұттың жаңа туындысы жемқорлыққа қарсы өзіндік көзқарасын танытып, бүгінгі күннің кеселі – Ақша-Құдайға табынушылықтан адам баласын жирендіруді мақсат етіп отыр.

Өтеулі Тастанбеков,
Актер-режисссер


Оңтүстік қаламгерлерінің арасында Мархабат Байғұттың алар орны айрықша. Олай дейтініміз, белгілі жазушы өз кейіпкерлерін алыстан іздемейді. Бас-аяғы жұп-жұмыр қысқа әңгімелерінде диалогты да, әзіл-қалжыңды да орынды қолдана біледі.

Ә. Әліп
журналист


Сақа жазушылардан Мархабат Байғұт тәуелсіздігіміз туралы өндіре жазып жүр. Бұл кісінің небір әңгімелері ұлтымыздың келешегін толғанудан, болашағымызға алаңдаудан туған дүниелер.

Әбілда Аймақ


Туындыларымен оқырманның құпиясы мол рухани әлеміне жол табу, бұл – жазушы бақыты. М. Байғұт осындай бақыт бұйырған жазушы.

Қанат Келдебек
Оқырман


 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу