Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

МАРХАБАТНАМА...

 

МЫНА ЗАМАНҒА ЖАЗУШЫ КЕРЕК ЕМЕС ПЕ?
Жазушы Мархабат Байғұтпен сырласу
Қадірлі Мархабат аға!


Сіздің шығармашылығыңыз жайлы баспасөз бетінде пікір айтуды көптен бері ойға алған едім. Ия, Сіз туралы майталман сөз зергерлері мен ақын-жазушылардың, сыншылардың, ғалымдардың арнайы мақалалар, пікірлер, рецензиялар жазғанын жақсы білемін. Сіздің жылы юморға құрылған, кейіпкерлердің ішкі психологялық сезім иірімдерін өзіндік нақыштарымен аша білген туындыларыңызды барша оқырманның шынайы қабылдағанын да әбден сеземін.
Дегенмен де кезінде ағалық ақыл-кеңесіңізді тыңдап, қамқорлығыңызды көріп жетілген ініңіз ретінде бір ауыз жүрекжарды тілек айтсам, әрине, артық болмас еді. Бірақ, оған аяқ астынан бір жәйт кесе-көлденең кезігіп, көңілдегі тәтті ойдың дәмін бұзғаны. Содан амал жоқ, Сіздің «Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Дауыстың түсі», «Қорғансыз жүрек» атты кітаптарыңызбен сырласып, шыармашылығыңыздың қыр-сырын дәріптеудің орнына, ішке жиналған бар қыжылды өзіңізге ашық айтқалы отырмын....
Таяуда бір той-томалақтың үстінде, жұрттың қолпаштауына елтіген қалталы бір мырза: «Осы сендердің жазғандарыңыды кім оқиды, жазушылықтарың кімге қажет?» - дегені көзімді бақырайтып қойып... Түйілдім де қалдым. Жауаптасып жатуға, байқаймын, сөз ұғатын жанға ұқсамайды. Тілімді тістеген күйі шарасыз кейіппен шоңқидым да отырдым.
Япырай, сонда шынымен-ақ кітап оқитын ешкім қалмаған ба?! Бүгінгі мына жаңа заманға жазушылар керек емес пе?! Жо-жоқ, мен бұған сенбеймін! Бұл бір алды-артын терең ойламай, аңдаусыз айтылған сөз. Әйтпесе, кітап оқымайтын адам бола ма?! Жазушысы жоқ ел бар ма екен?! Әрине, жоқ!
Адамдар кітап оқитын болғасын шығар, Сіздің соңғы жылдары жарық көрген «Қорғансыз жүрек» атты кітабыңыздың отыз мың тиражбен лезде сатылып кеткені. Тіпті, сол кітабыңызды күні бүгінге дейін іздеп, бір-бірінен ауысып оқығандарды көзіміз көріп жүр ғой. «Соңғы кездері қазақ тіліндегі әдеби кітаптар мүлдем азайып кетті-ау!» деп қынжылушылар қаншама!..
Расында да, бұған дейін негізінен бірыңғай қазақ тіліндегі кітаптарды басып шығаратын «Жазушы», «Жалын», «Балауса», «Рауан» баспаларының өнімдері кейінгі уақытта 3-4 есе азайып кеткені де шындық. Ендеше, қолда жоқ кітапты кім оқиды деп, байбалам салуымыз қалай болар екен? Осының өзінен-ақ ақиқаттың алшақ екені көзге көрініп тұрған жоқ па? Бәлкім, мұныма келіспей «Жоғарыда аты аталған баспалардың өнімі азайса, есесіне кітап шығаратын басқа кіші кәсіпорныдар көбейді ғой» деп дау айтушылар да табылуы мүмкін. Жөн-ақ, кітап шығарумен айналысатын сан алуан кәсіпорындардың жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп кеткені де рас. Бірақ, олар көркем әдебиеттен гөрі, бірінші кезекте «табыс табатын» дүниелерді шығарғанды ұнатады ғой. Себебі, оларға керегі ақша, елдің рухани дүниесінен бұрын өзінің қалтасының томпайғанын көбірек ойлайды.
Есіңізде ме, көрші ауданға барған соңғы кездесуде жұрттың «Жақсы әдеби кітаптар көзден бұл-бұл ұшты ғой!..» деп аз айтқаны қайда. Содан жолда қайтып келе жатып «Байқамайсың ба, ба уырым, айналайын ауыл адамдары қарындарын ашықтырғанмен, жан дүниелерін ашықтырғысы келмейді... – деп қатты тебірендіңіз ғой. – Сол үшін ел сүйіп оқитын, жақсы кітаптарды ғана шығару керек. Қазір не болса соны жиып-теріп, еш талғамсыз, жаппай кітап етіп шығарудамыз. Ал, соны қолына алған кісі, шикі өкпеден ұшынғандай аяқ астынан кітап атаулыдан үркіп, шошынып жүргені... Сондықтан, кітап шығаруда тамыр-таныстықты, жора жолдастықты, енді біреудің сақалы бар, қайсы біреудің көкесі бар дегенді тоқтату керек қой!..»
Ал, енді осыдан кейін жазущылық кімге қажет деуге қалай аузың барады. Біле білсек, елдің жоғын жоқтап, ұлтымыздың намысын жыртатын ең алдымен жазушылар емес пе?! Күні кешелер қазақ мектептері бірінен соң бірі шетінен жабылып жатқанда, 86-жылдың желтоқсанында жастарымыз соққыға жығылып, қанға батқанда, ана тіліміздің тағдыры талқыға түсіп, бүкіл қазақ пұшайман болғанда, халқымыздың қасіретіне айналған ядролық жарылысты тоқтатуға атой салынғанда ең алдымен бас көтеріп, ұлтымыздың намысын жыртқан ақын-жазушылар емес пе еді?!
Елдің қамын ойлап, ұлтығымыздың болашағы үшін аянбай тер төгіп жүргендердің бірі өзіңіз ғой. Қолына қалам ұстап, жылт етіп көзге көрінгендердің бәрі Алматыға аттанар болса, Сіз туған жерден тырп етіп қозғалмастан Оңтүстіктің қоғамдық, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып келесіз. Журналист, публисист ретінде жазған көптеген проблемалық очерктеріңіз, мақалаларыңыз Сіздің нағыз ауыл жанашыры екеніңізді танытса керек. Шымкенттің қорғасын мен фосфордың, цементтің тұманына тұншыққан экологиясы туралы жанайқайыңыз талайларды селт еткізіп, талайларға ой салған жоқ па? Өлкедегі қазақ мектептерінің көбеюіне қосқан үлесіңіз өз алдына бір төбе. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді жандандырып, жоғымызды түгендеп, ақтаңдықтардың орнын толтыру үшін «Жібек жолы» журналын ашып, шартарапқа таратуға мұрындық болдыңыз. Әсіресе, қазақтың тілі үшін жанпида деп, түн ұйқыңызды төрт бөіп, күйзеліп, басыңызды бәске тікеніңіз қайда?..
Осының бәрін білмесе, шет елдердің шолжаң әртістерін төбелеріне көтеріп, солардың жолында ақшаларын будақ-будақ шашып жүрген қазақ бизнесмендері, Қазақстанда қос азаматтық, қос тілділік болуы тиіс деп, даңғарақ қағып жүрген намыссыз Отансыздар білмес, ал көзі ашық, көкірегі ояу басқа жандардың бәрі де біледі.
Жазушыларды демеп, сүйеп жүрген, қаламгерлерге қол ұшын созуға бейім Алматыдағы «Матай», Шымкенттегі «Мұхит» сияқты қор, фирмалар бізде аз дейсің бе, көп. Тек осындай алыптардың тізгінін ұстаған мырза жігіттердің бетін бері қайтара білсек игі. Оята білсең, оларда да намыс бар. Жалпы өнем, көгерем деген адам қол қусырып қарап отырмайды ғой, әрекет жасайды!.. – деп біраз көрегендік көрсетіп едіңіз.
Міне, өзіңіздің өнегелі істеріңізді алға көлденең тарта отырып, жазушыны басынбақ болғандарға жауап та тапқандаймын.
Сол үшін де алдыма арқа сүйер Сіздей жақсы ағаның бар болғанына шүкір деймін. Күндердің күнінде жазушы беделінің қайтып оралатына да еш шүбәсіз сенгім келеді. Өйткені, жазушының сезімтал, адал жүрегін қорғай білетін бұқара халық бар ғой.

Әлібек ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ.
«Ауыл» газеті,
11 қазан 1995-жыл


КИІКОТЫН КӨКСЕУ


Жазушы Мархабат   Байғұттың бір әңгімесінен туған толғау

  Тәңіртаудың   «Талас Алатауы» деп картаға жазылып кеткен батыс жағы әйгілі Ақсу-Жабағалы-
мен жалғасып, Өгем тауы, Шымған курорты болып барып, Ташкентке орын қалдырайын дегендей, шұғыл түстікке бұрылып, Алтай тауына ұласып, Памирге сүйенеді.
    Ғылым тілінде «флора» деп аталатын өсімдік әлемінің жұмақ-пейіші, міне, осы аймақта.
    Басқа жерлерде тұқымы үзіліп, яки сиреп қалған, құрып кетуге бет алған неше алуан өсімдіктің не өзі, не сұлбасы осы аталған өлкеде. Оның ішінде Түркібас өңірінде.
    Сол сирек өсімдіктердің бірі, а бәлкім, бірегейі – Киікоты деп аталады.
     Оны кейбіреулер, әсіресе, «жаңа қазақтар» түсінбейді.От деген сөздің мәнін біржақты ұғынады. Ол үшін лаулап жанып тұрса, сол – от.
     Ал, мал қоректенетін өсімдікті де от дейді қазақ. Сірә, от - өсімдіктің бәрі емес. Нәрлісі, шипалысы, оттай қуаттысы, оттай қасиеттісі. Оны тау киігі жейді. Сондықтан да киік еті – дәрі. Сондықтан да адамдар киік етіне өте құмар. Сондықтан да киік азайып кетті.
Ерекше қамқорлыққа алмаса, немесе Құдай адамдарға әлдеқалай нысап бермесе, сол киік мүлде жер бетінен жойылып та кететін шығар.
    Енді киікоты да азайды. Жазушы Марғабат Байғұттың жазғанындай: «Киікоты сиреп, төменнен үркіп, тауға шығып кетіпті».
    Төменнен, яғни адамдардан үркіп, тау басына еріксіз шығып кеткен аң да, құс та бар. Мысалы, арқарлар мен таутекелер, біздің Республикамыздың символы болып жарияланған теңбіл Барыс. Киігіміз сол. Құстан: ұлар, кекілік...
     Енді жан-жануарды қойып, өсімдік те тауға қарай
қашатын болыпты. Киікотының шипалы қасиетін біліп алған келімсектер оны баудай түсіріп, отап жатыр екен.
     Бұл катастрофа!
     Былай қарасаң, бұл әңгіменің асып-тасып бара жатқан дәнеңесі жоқ. Бәлкім, селсоқ «әуесқой» оқырман оны сыдыртып өте шығар да. Бас-аяғы  жинақы, қысқа ғана әңгіме. (Мархабат Байғұт. «Қор-
ғансыз жүрек» кітабы. «Киікоты» әңгімесі. 29-45-б.б).
     Бірақ, байқаған, зерделеген кісіге мәселе табылады.
     Бұл жазушыда Жаратушы өзі бұйыртқан  уыз тіл бар. Біздің ауылда бір ақсақал биесі құлындаған соң бір айға дейін әлгі биені байламай, қымыз аңсағандардың «бол-болына» қарамай, құлынымен бірге өріске жібереді. – Оның не – десең –Құлынға обал. Уызына жарымаған құлын жаман –жәутік, жабы болып қалады, -дейді.
     Қазір жазушымын деп шіренгендердің көбінің тілінде уыз кемшін. Уызға жарымай, Көк базардан көк шалап ішкендер.
     Бұл жазушы Құдай өзі берген көз бар. Көз, әрине, бар. Ол кімде жоқ, адамдардың бәрінде дерлік бар. Шын жазушының көзі көкірегінде. Ол маңдайға біткен екі басқа-а-а. Жазушы сонысымен суреткер.
     «Ай жарығы Күннің қызғылт нұрынан қалған сарқытты сімірер көз» («Киікоты»)
   Күннің батқан сәтін талайымыз суреттеп көрдік. Біріміздікі сәтті, біріміздікі сәтсіз дегендей. Ал, мына сурет тосын. Сәл кідіріп зерделесең сол сурет көз  алдыңа келеді. Отырып туған Айдың Күн батқанда аспаннан бозарып, өңі қуқылданып, мұңайып көрінетіні болады. Ауырып қалған сияқты. Күннің нұры Айға да шипа. Сонда сол Күннің сәулесіне жерік болған Ай кешқұрым соңғы қызғылт шапақтың сарқытын ашқарақтана сімірмей қайтсін?
     Айдың күнге ынтызарлығы. Мұны ұлы ақын Гейне баяғыда ғажайып лирикалық-философиялық өлеңінде жазып кеткен. Күн мен Ай бір-біріне шексіз ғашық. Санзыз жұлдыз сол екеуінің теңдессіз  махаббатымен жаратылған. Аспан әлемінде де бұлардың бақытын күндеп, көре алмайтын қызғаншақтар бар. Солар Ай мен Күннің арасына өсек өртін тастап, ажыратып жіберген. Содан бері Ай Күнді соңынан қуады да отырады.Күн жеткізбейді. Ай «тоқта!» деп жалынады, Күн тоқтамайды. Өсектің өрті жама-а-ан.
     Ал, Мархабат БАЙҒҰТ болса Айға Күн сәулесінің сарқытының өзін тәбәрік  етіп қойған. Сәулелі сурет.
   Ормантай деген жігіт ағасы бір кезде қаладан алыс жатқан ауылда туып-өскен. Туған ауылы таудың бір түпірінде бұйығып қана жататын. Өйткені, ауыл айналасында киікоты қаптап өсер еді. Киікотының ғажайып жұпар иісінен сол ауыл рахаттанып, масаң ғұмыр кешетін сияқты еді.
    Ормантайдың әкесі кезінде осы ауылдың бастығы болды. Колхоздың жоқ-жітік, кем-кетігіне жәрдемдесіп, малға азық шөбіне дейін түсіріп беруші еді-ау. Сондай жандардың бірі Ормантайдың жан жолдасы, кластасы Қасымбек деген бала еді...
     Ормантайдың әкесі қызметі жоғарылап, ауданның орталығына көшті. Ормантай сол орталықта өсті.
      Бірақ, оны кейін облыс орталығына қызметке шақырып, орталықтан үй береміз деп, уәдені үйіп-төгіп, жанын қоймады.
     Уәде беру оңай, орындау қиын. Жылдар бойы пәтер жалдап, жаны қиналған Ормантай ақыры ауру тапты.  
Ауру адам көбінесе масыл болады. Оны кім ұнатады. Құдай қосқан қатынына дейін ұрысқақ, тырысқақ болып кетті. Ұрысып, ұрысып уыс-уыс дәрі береді. Ал, Ормантай уыс-уыс дәріден гөрі- Бізің таудың бір тал  киікоты болар ма еді, деп армандайды.
     Тәңіртаудың бір қуысында бұйығып жатқан ауылына бара алмайды. Әйтеуір қу тіршілік. Әне-міне деп айлар, жылдар өтіп жатыр. Жете алмайды. Дәл Мұқағали айтқандай: өз еркімен өзін-өзі қаланың тас  қамалына қамап қойғандай қу маңдай.
    Әсіресе, кенже ұлы Қисадан ұят болды. Сені ауылға алып  барамын. О, ауыл  қандай» Шіркін, қызықтың бәрі сонда. Адамдар қандай! – деп жас баланы қызықтырып, ынтықтырып қойып, бірақ Құдайдың құдіреті, қу тіршіліктің күйбеңінен шыға алмайды.
    Ауылдағы жан жолдасы, титтейден өскен Қасымбекке хат жазады. Бір уыс киікоты болса, беріп жібер деп. Ақыры сол арманына да жетті-ау. Қасымбек, обалы не керек, аңсаған шөбін алып келді. Содан бойы жеңілдеп, ауруынан айыққандай   болды.
    Осы шап-шағын әңгімеде Мархабат мырза мына заманның кейіпсіздеу келбетін әр қырынан инемен шабақтап, ісіктің бетін қайтармақ.
   Жазушы әу баста өз алдына ондай мақсат қоймаған да шығар. Бірақ, киелі қалам өз иесін, ақылды, заты бөлек, текті жылқы сияқты, межеге адастырмай өзі алып келетіні болады.
    Сонымен, жадырап жаз шықты. Ормантай кенже ұлы Қисаны    ілестіріп, дорбаларын арқалап, ақыры ауылға тартты-ау.
     Әрең жетті. Ауылдың шетіне  кіре бергенде, алдарынан ақ «Нива»мінген баяғы Қасымбек жолыға кетті. Асығыс  екен, ауданға шұғыл шаруамен шыққан екен.өткен жолы бір уыс киікоты шөбін әкеліп берген де өзі болатын: - Ауылға неге келмейсіңдер? Келсеңдер көкіректеріңнен кім итереді сендерді! – деп дүңкілдеген. – Ешкім итермейді сендерді көкіректеріңнен!
    Сөйткен Қасымбекті қара басты. Тым болмаса: - үйім анау, бара беріңдер, мен қайтып келем, - демеді.
     Содан Ормантай Қисаны жетектеп,бір үйдің алдына жақындай  бергенде, үйден жаулығы кір-кір, шашы қобыраған сары кемпір шығып:
- Кім керек?-дейді.
- Апа, мен Ормантаймын ғой, - дейді жолаушы.
     Кемпір   Ормантай дегенді білмейді. Осы ауылға демалыс сайын келіп, таза ауасын жұтып, таза суын ішіп, киікоты дейтін шөбін жұлып, аунап-қунап қайтатын қаланың көп қуларының бірі екен деп қалады.
     Ормантайды танымады. Ормантайдың марқұм әкесі  емес пе еді бір кезде осы ауылды басқарған. Сол емес пе еді мына кемпірге арпа-бидай, шөп түсіріп берген.
     Ормантай сасып қалды. Оу, мен бәленшенің баласымын ғой, - деп айтуға да жарамады. Оның қасында кішкентай Қиса ақылды екен, былай шыға бере: - Айтпайсың ба кім екеніңді, фамилияңды, - деп әкесін  күстаналады-ау.
    Сөйтіп,өзі туған ауылынан ат басын тірер, бас сұғар үй таппай, ауыл сыртына барып, тобылғы түбін паналады. Адамдардың үйлерінен гөрі тобылғы түбі көп рақымды. Тобылғы түбін торғай да паналайды. Тобылғының қадірін торғай біледі. Ал, адамдар тобылғыны да тоздырып барады. Демалыс сайын     мәшинесі барлар қаладан қаптап келіп, қазір баяғыдай қамшы  ұстамаса да, қамшы сап деп сындырып, сындырып кетеді.
    Сонымен, Ормантай мен Қиса  елге келіп, далада қалды. Елім деп, туған жерін қанша зарығып, сағынып еді. Ой, оңбаған Қасымбек...-Е,келіңдер, көкіректерің -нен ешкім итере қоймас, - деп, осы бір жаттанды жалғыз ауыз сөзін қайталай берген.
    Ендігісі мынау. Бұл не? Бұл – нышан. Қайран дарқан көңілдің қазынасы –қазақ ауылы! Сен де баяғы Абылайдың түсіндегідей бақа-шаяндап, құрт-құмырсқалап бара жатырсың-ау. Қазақтың қақырамас үш таған ошағы, қара қазаны, қара шаңырағы, құт-берекесі, түпқазығы, тал бесігі осы ауыл емес пе еді? Не боп кеткенсің, есіл ауыл? Өзіңнен туған жас бала сақалы  шығып жат болғаны ма? Танымай қалғаны қалай?
    Ауылды мұндай халге жеткізген нендей зұлмат? Қазіргі ауыл туралы, оның зары   мен жыры туралы құлаш-құлаш мақала жазып, мінберлерден аузымыз көпіргенше ұзақ-ұзақ сөз сөйлеп жатырмыз. Ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Министрлер бас шұлғып қойып отыра береді. Сынаған сайын өсе береді.
    Ал, мынау... Кішкентай әңгіме. Әлгі толып жатқан мақалалардан, сөздерден гөрі осы әлдеқайда әсерлі. Әттең, мұны министрлер оқымайды. Оқыса – ойланар ма еді. Көркем әдебиеттің құдіреті сонда – ойланар еді. Оқымайды. Әрі десе тираж жоқ. Жетпейді.
   Ал, енді әкесінің ауыл туралы әңгімелерінен әсерленіп, ауылды қиялында ертегілер еліндей елестетіп, бір көруге  ассыққан Қисаға       не бетімізді айттық? Өлімнен ұят күшті. Ұят болды-ау!
   Ия, егер ұят қалса... Адамның айуаннан ең басты айырмашылығы ұятында еді. Ұяттан айырылған соң адамда айуаннан айырмашылық не қалды? Не қалды?
   Қазан-қазан ет асылып, ит басына іркіт төгіліп жатады деген ауылдың Қисаның қарны ашып қайтты. Ауыл бір шайнек шәй беруге жарамады. Бұған әкесі қысылды. Өйткені, ауылды ең бір таза періште, ең мейірімді, бауырмал деп, өмір бойы Қисаның құлағына құйып келген өзі ғой.
   Жол-жөнекей жұпыны ғана көпшілік асханаға кіріп, екеуі тамақ ішті. Сорпаның ішінде   аздаған сүйек-саяғы бар екен. Қиса соны қасқырша жұлмалап жегені-ай! Аумаған қасқыр. Мұнда тұрған не бар? Баланың аты бала ғой, қарны әбден  ашқан да.
   Мұнда тұрғаны сол, өткен Жаңа жыл қарсаңында мектептегі мұғалім апай жаңажылдық шыршада балалардың ойынын көрсетіп, бір көңілді кеш өткізбекші болды. Қисаға қасқырдың рөлін берді. Қиса қасқыр болғысы келмейді-ақ. Жұп-жуас. Оған қойдың, не қоянның рөлін берсе болар еді...
    Бұл арада педагогиканың, дәл айтқанда педагогтың ағаттығы аңғарылады. Қисаға қасқыр рөлі лайық емес дегендерге: - Е, ол тым момын, оны шыңдап, шынықтыру керек,-дейді педагог апай. Яғни, момыннан қасқыр тәрбиелеу керек. Ал, аржағы не болады, қандай нәтиже береді? – онымен шаруасы жоқ.
   Ал, енді, міне, мына таудың бір түкпіріндегі    ауылдан қайтып келе жатып, Қиас кенет қасқырға айналды да кетті. Мұғалім апайдың мақсаты орындалайын деді.
    Дәл осы жерде біраз ойланып көрелік. Қазіргі ауылда (әрине, әсіресе қалада) адам қасқырлары көбейді. Бүрын біреудің тауығы жоғалыпты дегенді естімеген ауылда енді күнде жоңғар шапқыншылығы болады да жатады. Малды құйрығынан ұстап отырсаңда ұрлап  кетеді. Сондай сұмдық шықты.
   Ол ұрлықты істеуге мәжбүр болған, болатын қарны ашқан Қисалар!!!
   Ормантайдың Қисасы, Құдай сақтасын, ұры емес. Одан пәк, одан адал бала жоқ. Ал, бірақ мына бүгінгідей қарны аша-а-а берсе, сөз жоқ, қасқырға айналады.
   Бұл әңгімеде автордың мұндай әлеуметтік астарлы ой айтайын деген ниеті де жоқ шығар. Бірақ, көркемдік құдіреті, логика бойынша, амалсыз осындай тұйыққа әкеліп тірейді.
    Автор дәл осы асханада ашқарақ көріністі әжуаға, ойнақы бір болмашы оқиғаға  балағысы келеді. Бірақ, бүл – маска. Масканы алып тастасаң, аржағынан азынаған азап дүниесін танисың. Әрине, зерделеп тани білесің. Әйтпесе, елеусіз, алаңсыз сырғытып өте шығуың да мүмкін.
    Сонымен, не керек, адамдардың ашқарақтығынан аң- құс тауға қарай қашты. Оларды қойып, өсімдік екеш, өсімдік те таулардың шыңдарында ғана қалмақ.
    Ал, халық ше? Ауыл халқы қалаға қашып жатыр. Ауылға қамқорлық жасауға тиісті көсемдер ауылды қолдан қиратты.
- Бізге мал өсіру зиян! – деді бір көсем.
- Ия, мүлдем тиімді емес! – деді бір көсем.
- Мал өнімдерін: сүтті, майды, етті шетелден сатып алған тиімді! – деді бір көсем.
Сондай желеумен миллиондаған мал ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Әсіресе ірі көсемдер, орташа көсемдер қарындарын да, қалталарын да қампайтты. Ал, қарапайым аңқаулар ауыздары аңқайды да қалды. Аңқайған ауызға желден басқа ештеңе енбейді. Аспаннан тоқаш жаумайды. Аңқайып әлі күнге дейін аң-таң.
    Қалаға қашып жатыр. Біршама ертеректе әйгілі ақын: қазақтар қалаға көшпей, көзі ашылмайды. Әйтпесе, қараңғы болып қалады деген теория ашты. Ал, көшті. Ал, қаптай көшті. Көзі ашылғаны қайда? Мүйіздері қарағайдай болғаны қайда? Кәне шыққан мүйізі?!
    Қазақтың түп қазығы ауылда. Ауыл азса, ұлт тозады. Ауылды қалаға жетелей бермей, қайта қаланы ауылға қарай жетеле. Ауылға мәдениет, өркениет жеткіз. Жаңа ғасыр келіп қалды. Ауылдағы мектепте компьютер тұрмақ, домалақ-домалақ ағаш есеп-шот та жоқ...
   Құрысын, «Киікотына» оралайық.
   Жазушы Мархабат Байғұт облыста тұрады. Астанадан да, Алматыдан да алшақ. «Киікоты» - оның жазғандарының бір тамшысы ғана. Талай-талай құнды көркем кітаптың авторы. Амал нешік, атағы жоқ, атаққа шатағы да жоқ. «Мен!», «Мен! деп кеудесін де қақпайды. Ондай жазушымен өлі сүйек сыншылардың да шаруасы жоқ. Заман пысықайлардікі.
    Менің де сыншылығым шамалы. Сыншы да емеспін. Әңгіме әсер етті. Толғандырды. Толғанысымды қағазға түсірдім.
   Ал, мен бірдеңе білсем, КИІКОТЫ мүлде шөп емес! КИІКОТЫ, ол - адамдар. Азайып, азып-тозып, тоналып бара жатқандар.
    Шіркін, КИІКОТЫ қандай қасиетті, қандай асыл еді?...
    Шыннан сол қасиет жоғала ма?...

«ЕгеменҚазақстан» газеті,1-мамыр 1999-жыл.


«Мархабаттың   майдақоңыр  мақамы»

    Пістеліде пісіп-жетіліп, Ақсу-жабағалының кекілік өрген миуалы сайларында долана терген әлжуаз бала Мархабат топырағы торқа
Түлкібаста аунап-қунап өсіп, өмірге өз көзқарасымен назар тікті.
Жеміс-жидегі мәуелеген Оңтүстік кіндігі сұңғыла сөзге, әдемі әуез-
ге, маржан жыр мен жемелегі желпілдеген бұла қызға ғашық қылып жаратқан соң қайтсін, Құдайдың құдіретімен қаршадайынан қаламға қол созды...
    Өзі туып-өскен оттай ыстық өлкенің қауынындай уылжыған жан
сезімімен «Шілдені» (Әңгімелер, «Жалын» баспасы, 1978-ж.) жазып, алғашқы жинағымен-ақ қалың жұртты елең еткізді. Сосын-ақ «Сырбұлақ» (Әңгімелер мен повесть, «Жалын» баспасы,1980-ж.)
сылдырап бұлаң қағып, оқырманын қуантты, соңынан «Интернат-
тың баласы» (Повесть және әңгімелер, «Жалын» баспасы, 1985-ж.)
кітабы қолына алғандардың жан-жүрегін тербетті, балалар әлеміне
терең бойлатты. Табиғаттың төл перзенті-жұмыр басты пенде сырын ашудағы айқайсыз қаламгерлік сиқыры «Нәуірзекте»(Повестер мен әңгімелер, «Жалын» баспасы, 1988-ж.)
және жамиғатты баурай білді. Мұңға да батырып, мысқылға да мырс-мырс күлдіретін қазақы сөзге ұсталығы «Қорғансыз жүрек»
(Әңгімелер мен повестер, «Жазушы» баспасы, 1993-ж) атты шоқтықты дүниеде ерекше айшықталып тұрғанын көзі  қарақты, көңілі ояу пенде біткен сезері анық. Қоңыр дауысты қалам сырына кітап беттерін парақтап, армансыз сусындаған қандай рақат!
    Қат-қабат, ірілі-уақты қоғамдық қызметтердің (Махаң бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Тіл басқармасының төрағасы) қаға беріс сәттерінде әңгіме-повестерін бөбегіндей әлдилеген Мархабат
Байғұтов сынды ана тілінің нағыз жанашырына қай қазақтың бала-
сы рақметін жаудырмасын?!
    Ақ жауындай себезгілеген сыр дүниесіне ғашық жандарды жарық дүниеге әкелген, тау бұлағындай мөлдір талант сыйлаған қа-
зыналы, қара қордалы Түлкібас-Түркібасына тағзым етсе болмас па?! «Дауыстың түсі», «Машаттағы махаббат» кітаптары мен «Қаладағы көңілдес әйел» және «Қарлығаш әулие-Төле би» (бұл туындыны Шойбек Орынбаевпен бірге жазған) пьесаларының, көл-көсір көптеген көркем серке сөздері мен проблемалық очерктерінің
астарында ел мүддесі, жер тағдыры қазақ ұлтының қан тамырындай бүлкілдеп жатады. «Тіл төңірегіндегі таза тіршіліктің
«түйесі мен биесі, ығай-сығай иесі» болмаса да, киесі бар екенін ұмытуға болмас, - дейді Мархабат қазақ тілі турасындағы бір толғамында, - бабаларымыз Фараби мен Иасауи түркі тілінің тағдыры үшін жүйкелерін жұқартып, жүректерін ауыртып, келер ұрпақтар тоздырып жібереді-ау деп күдіктенген екен. Бірі жат елге
кетіп тынған, екіншісі елдегі әулекіліктен, әсіреңкіліктен жерініп,
тілдің тозуынан безініп, қылуетке тірідей түсіп кеткен. Олар орал-      ды деп жатырмыз. Біржола оралта аламыз ба, соны ойланайық».
     Ана тілінің жанашыры қашан болса да осылайша шырылдап жүргені. Жаны да, қаламы да ұлтының арман-мұңымен, салт-дәстүрімен суарылған.
     Сонау Оңтүстіктен ешқайда көшіп-қонбай-ақ, ел ішінде тырп етпей жатып майдақоңыр мақамымен оқырман жүрегін жаулаған күнгейлік жазушы «Жалын», «Қазақ әдебиеті», Тұрар Рұсқұлов атындағы және «Бауырмал» сыйлықтарының лауреаты болды.
    Мархабат кемел шағына келіп, шығармашылық әдеби кештеріне жанкүйерлері таласа-тармаса  қатысуға ықыласы ауып жатқан осынау бір сәттерде көп оқырманының бірі ретінде ақынжанды қазақ дәстүрімен сөз соңын өлеңмен өрнектесек те жарасатын сияқты. Өйткені, оның жандүниесі де қазақтың қара өлеңдерімен біте қайнасқан. Әңгімелері әдемі әндей емес пе!
    Әлқисса, мақамы бөлек Мархабат!
                        Жамыраған бұлағы
                        Жерұйықтың ұлысың.
                        Қанша өмірдің сынағы
                        Тарылтпаған тынысын.

                         Балалықтың бал шағын
                         Мың бір түндей жыр еттің.
                         Пістеліңді аңсадың,
                         Сырын шертіп жүректің.

                          Саған ғашық қыз біткен
                          Хатқа тізген ниетін.
                          Көрмей-білмей үздіккен
                          Ару қанша сүйетін.


                            Сөз сиқыры – қаруың,
                            Қаламгерсің – пақырсың.
                            Жігітін де, аруын
                            Баурап алып жатырсың.


                            Тауып қойған атыңды
                             Мархабат деп келісті.
                             Барлық махаббатыңды
                             Барша қауым бөлісті.

                              Бар құмарың тарқамақ
                              Жазбаларда – жан сырың.
                              Мархабат боп махаббат
                              Тамшылайды бал шырын.

Захардин Қыстаубайұлы, Орысбай Әбділдаұлы, «Жеті жарғы» баспасының қызметкерлері.

«Халық кеңесі» газеті,25-қазан 1995-жыл.


Мархабат Байғұт не істемеді?
(Түлкібас аудандық Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Мәдениет сарайында жасалған баяндама)


Қазақтың тағы бір құт мекені,алты Алаштың арман мекені-Түлкібас төріне
әулие қонып,нар шөккен жерге қош келдіңіздер!
Топырағын жаласа мал семіретін Майлыкент өңіріне басқан қадамдарыңыз құтты болсын,мәртебелі» меймандар!
Тәңірі жарылқап,Тәңіртауды күнде көруді жазған,алысты жақын ететін
Алатауға арқа сүйеп үйренген,көшіміздің түзелгеніне қарап тұратын Қаратау дай қара шаңырақтан ұзап кете алмайтын әлеуметтің,ауылдың алдында есеп
беруге келген,елдің атын шығарған ерен жазушы-журналист,Түлкібасы ауданының құрметті азаматы Мархаббат Байғұттың мерейтойы-халықтың тойы,сіз бен біздің қазынамыз.
Әрине,дәл бүгін «Мархабатнаманың»жаңа беттері жазылып,толыға түсетініне күмән жоқ.Әдетте,мерейгердің не тындырғаны,жетістігі және жеңісі,жақсылығы мен шарапаты айтылмай қалмайды.Үрдістен жаңылмайтын шығармыз.Ал біз Мархабат Байғұттың нені істемегеніне азкем тоқталсақ деп шештік.
Йә,Мархабат Байғұт не істемеді?
Әлемді шарлап,қымбат қонақ үйлерде түнеп,лимузин мініп,алтын қасықпен ас ішпеді,мода қуып киініп,сақал-мұрт қоймады,шашын бұйралатпады.Көлденең көк аттыға жағымпазданып,кітаптарын жат тіліне
аудартпады,шетелде кітап шығарамын деп жанталаспады.Ең ақыры,шыққан-
-шықпаған кітаптарына жарнама да жасамады.Тәмәм жұртты жинап, «тұсаукесер»өткізбеді.Бума-бумасын әр түрлі кабинеттердің ішіне зорлап кіргізбеді,күштеп шығармады.Кәсіпкерлерге жалынбады,бизнесмендердің ал-
дында бүгежектеп,бірдеңе дәметпеді.Нағашыларының нағашыларына,олардың
құдаларының құдаларына,жиендерінің жиендеріне,жиен қыздарының күйеу-
леріне,қолына су құйып,сүлгі ұсынғандарға,қоғамдық көлікте билетке қол
жалғап жібергендерге,кездойсоқ танысқан қалталыларға қолқа салып,алақан жаймады,салмақ салмады, Даладағы жағажайға жайғасып,қаладағы қуыстардан монша-моншақ іздемеді.Күн ұзағына қаламын қолынан тастамай,
тұні бойы түртінектеніп баяндама,сөз жаздыратындарға,өлеңдері мен өлген
сөздерін тірілтіп,кітаптарын өңдетіп,қайта жаздырып алатындарға да үндеме-
ді,қаламының қарымын бұлдамады.Сүйегіне сіңген осы әдетімен кезінде интернатта көп жігіттердің қыздарға хаттарын,қыздардың желөкпелерге жауаптарын өзі жазып беріп,жас жұбайлар дәрежесіне жеткізсе де қаламақы
алмады,бір шәйнек шай ішпеді.Қанша қиылып сұраса да ағаларын жағалама-
ды,жазған-сызғандарын тықпаламады,астанада қалмады.
«Қылшылдап»тұрсада белсенді атанып,комсомолдың көсемі болып кесіп тастамады,тұратын жері мен тұрмыстық жағдайын бірден шешіп тастамады.
Момақан журналист кейпінде кәсіп етті.Қазақшасын қылғындырып тастаса да «Шамшырақты» «Маякқа»басындырмады.
Бесжылдықтарда алты жылға татитындай жұмыс істеп,социалистік елдің марапатын көрмеді.Колхоз,совхоз,тауық фермасынан бастап заводтарға дейін
түгел аралап ,мақала,суреттеме,очерк жазса да тұқым қуырып жемеді,цемент сұрап фундамент құймады. Тіпті сауыншыларды таңғы 5-те өзі оятып сұхбат
алса да сүт ішпеді.Көз майын тауысып,орысшадан аударса да,хат өңдесе де,мақала ұйымдастырса да аудандық газетке редактор бола алмады.
«Оңтүстік Қазақстанға»да өзі сұранып,араға кісі салып,қызметке тұрмады.
Онда да қанша жазса да бастықтардың көзіне түспек түгілі көзге ілінбеді, бөлім бастығынан жоғары көтерілмеді.
Мархабат Байғұт не істемеді?
Облыстағы «Ақ үйге»де өзі сұранып бармады,сегіз айға да шыдамады. «Жеті айлық»болса да жүйкесі жұқармады,шала шенеунік болып шіренбеді.
«Шенеуніктің шаласы тез өседі,
Бастықтардың баласы тез өседі»,-
дегеннің біреуіне де сай келмеді.Елді бөліп-жармады,ешкімді алаламады,жығылғанмен сүрінгенді табаламады,қызметі өспеді.Өсек тасып,
ірілердің қолтығына кірмеді,өзімен-өзі болып,әріптестерінің,құрдастарының аяғын шалмады,алдын орамады.
Ақыры ешкімге керек болмай қалған Жазушылар Одағына бармай қала алмады.Шырақшымын,жаңа шығармашылық орта қалыптастырамын деп көрпені өзіне тартпады.Пайдасын жеке басына жарата алмады,жемісін жемеді.Тойларда төрде отырмады,ойын-сауық қумады,шапан киіп,ат мінбеді.
Көлік сұрап алып,үйіне пайдаланбады.Жазудан басқаға икемсіз,жаза беруге машықтанған Махаң ешнәрсе жазбай қоймады.
Мархабат Байғұт не істемеді?
«Ақ үйге»кезекті шақырудан бас тартпады. «Ылғи қара жұмысын маған істетеді»деп туламады.Содан бері қанша жылдар өтсе де,қаншама газеттер
шақырса даешқайда бармады,тапжылмады.Тұз сеуіп қойған жерлерге де,гүл егіп қойған мекемелерге де бармады.Ішкі саясат,тіл саясаты,ақпарат саясаты
деген үш китті мініп алса да адамгершіліктен асып өз саясатына ерік бермеді,
ешкімді таптамады,пенделіктің ауылына жақындамады.
Таспен ұрғанды таспен де,аспен де ұрмады.Қарамағындыларды ерттеп мініп алмады,оларға доқ көрсетпеді,ұрыспады,еркелетпеді.
Қиын-қыстау,аума-төкпе эаман толқындарында да жүгенді сыпырып тастап,ер-тоқымын бауырына алып қашпады. Құдай жазасын беріп аузына құм құйылған жайындардың аузын ашып қарамады,ішек-қарнын ақтармады,жыпырлаған шабақтарды кильки етпеді,көздерін ойып алып уыл-дырық-икра жасамады.
Мархабат Байғұт не істемеді?
Руханият саласында қаншама іс тындырса да, «маған неге облыстың құрметті азаматы атағын бермейсіңдер»деп қиғылық салмады,Ауыл жылы
деп алашапқын болғанда ауылды бойлай-бойлай,қоймай жазатын жазушының кітабын неге «Мемлекеттік сыйлыққа ұсынбайсыңдар»деп ауыл-
дың жерін тепкілемеді.Жалдамалы журналистердің алақанына тиын салып, арнайы жазғызбады. «Ойбай,масқара,сұмдық»деп таңдай қаққызбады.
Мархабат Байғұт не істемеді?
«Мемлекеттік тіл маған ғана керек пе?»-деп жатып алмады.Жазушылығын
табыс табу,күнкөріс құралына айналдырмады.
«Екі кеме құйрығын,
Ұста,жетсін бұйрығың»,-деген Құнанбай баласының ақылын жүзеге асырып жатқанымен,көкірегін ұрмады,данышпанмын демеді.
Мархабат Байғұт не істемеді?
«Мен 60-қа жақындап қалдым»-деп ел араламады,ешкімге елші жібермеді.60-тан кейін де көретін жасын ойлап,алақайға салмады,талапайға түспеді.Зәулім сарайлардан,ордалардан,шекпенділерден,шенділерден құт-тықтаулар ұйымдастырмады,сыйлық дәметпеді.60 жылдығын тойлауға асықпады және базбіреулер сияқты есеп-қисап түзіп,кешікпеді.60-қа келгенде салмағын,бойын,размерін,бар құпиясын жасырмады,тіпті жылдамдығын 60-тан асырмады,бір қалыпты мінезінен айнымады,шаң басқан блокноттардағы адрестерді,телефондарды ұмытпады,өзіне де өзгеге де өкпелеп жүретіндерді,кердеңдеп келмей қалатындарды тойға шақырмады.
Мархабат Байғұт не істемеді?
Майлиннен Мархабатқа дейін,яғни Бейімбеттен Байғұтқа дейін үзілмей келе жатқан әңгіме жанрын әулие тұтып,ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақтар туралы поэма,роман,эпопея жазбады.Амандық
болса,Мархабат Байғұт жазуын тоқтатпаса,миллиардер болып жатса(кітапта-рының миллиард тиражын айтып тұрмыз),поэма да,роман да,эпопея да жазылар,жарық көрер,жер жиханға тарап, кітаптары әлемнің 150 елінің тілде-
ріне аударылған, 35 миллионнан астам данасы сатылған ең танымал бразилиялық жазушы Пауло Коэльоның орнына мемлекет,үкімет басшылары
Мархабат Байғұтты қабылдап,қошамет көрсетер.
Бізге сол кезде «Мархабат Байғұт не істемеді?»деген сұраққа «ең үздік, ең
әдемі әңгімесін жазбады»-деп жауап беруге жазсын.

«Машат-Мархабат»,2005жылғы 4-маусым
Дархан Мыңбай,Түлкібас ауданының әкімі.


Ойы ұшқыр,қаламы үшкір жазушы
(Бас мақала)


Мархабаттың алғашқы әңгімелері жиырманың ішіндегі жас жігіт кезінде-
ақ жариялана бастады. Бірақ, ең алғашқы жеке кітабы 1978 жылы жарық
көріпті. Демек, автордың жасы бұл кезде 32-33-ке келіп қалған кезі.Ал отыз-
дан асқанда тұңғыш кітап шығару деген ең бір алмағайып кезең. Өйткені, сен өзің құралпы лектен қалып қойдың және отыздан асқан жігіттің тұңғыш кітабының енді шығып жатуы әдебиетшілер мен қалың көпшілік үшін ерекше оқиға боп көріне қоймайды. Сондықтан да ол ат-нөпір боп бұрқырап
шығып жатқан көп кітаптардың тасасында көзге ілінбей қала береді.Оның
алғашқы кітабының кешеуілдеп шығуы да жоғарыда айтып өткен Алматыдағы бітіспес әдеби майданның дүмпуінен болса керек. Жасыратын
не бар, астанадағы айналдырған екі баспаның жылдық жоспары Алматыдағы
ақын-жазушылардан-ақ артылмайтын. Оның үстіне «Жалын» баспасының өзі
жетпісінші жылдардың ортасына таман ашылғанын ескерсек, елде жатқан
қаламгерлердің жыл сайын естен шыға беретіні түсінікті жай. Әйтсе де, «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп Абай атамыз айтқандай,
Мархабат алыста өтіп жатқан қызу додаға қызықпады, киіп-жарып олардың
ортасына кірмеді, «Қуған жетпес, бұйырған кетпес» деген жайбарақат қазақы
мақалдың ырғағына сай ауылда жатып-ақ «арбамен қоян алуды» жөн көрді.
Онысы жеміссіз де болған жоқ. Бас-аяғы жиырма шақты жылдың ішінде ол
топтап емес, біртіндеп өзіне аудара бастады . Бүгінгі таңда ол қазақ прозасын да өзіндік қолтаңбасы айқын, тек Байғұтовқа ғана тән стилі бар жаңа әңгімесі
жарыққа шықса,жұрт жапатармағай оқуға тырысатын, дәл сол сәтте уақыт
таппаса, тапқанға дейін сақтап,екінші сөзбен айтқанда,өз оқушысы қалыптас- қан айтулы қаламгерлердің қатарында.
Жол басы «Шілдеден»басталды.Қан базардай қайнаған әдебиет сарайына
имене енген бұл жинақ салған жерден жұрт назарын өзіне аудара қоймаса да,
әдебиет табалдырығын сырбаз да мәдениетті жазушының аттағанын көзі-
қарақты біраз жұрт байқап қалды . Араға екі жыл салып «Сырбұлақ» атты хи-
каят пен әңгімелер жинағы дүниеге келді. Оқушы қауым қарапайым кейіпкерлердің тіршілігімен,өмірдің дәл өзінен кеп Мархабат жазып отырған
ақ қағазға секіріп түсе қалғандай шынайы мінездермен, мәдениетті юмормен,
баяндау стиліндегі ерекше бір нәзік ырғақпен, басқа шығармаларда кездесе
бермейтін, адамдардың мінез-құлқын сипаттаудағы оңтүстікке ғана тән тың
бояулармен қайта жүздесіп, жаңа бейтаныстармен қайта табысып , кітап оқылып біткенде олармен өкіне қоштасып, оның жаңа шығармаларын күтетін
жаңа қауым пайда бола бастады. Бір кітаптан соң бір кітап . Мархабат өзінің алғашқы кітабын шығарғанға дейінгі аралықты күнделікті тіршілік күйбеңімен жүріп, не оған мән бере қоймай, мән бере қойса да жұрт секілді таласқа түспеймін деп аулағырақ жүріп уақыт өткізіп алғанын түсінген болуы керек, тұғңыш кітабынан соң өмірге бірінен кейін бірін топырлатып
жаңа кітаптар бере бастады. «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Дауыстың
түсі», «Қорғансыз жүрек», «Машаттағы махаббат», «Әдебиет пәнінің періш-
тесі», «Ақпандағы мысықтар», «Қозапая», «Ауыл әңгімелері» сияқты өмірдің
сан алуан салаларын арқау еткен көркем әңгімелер мен хиқаяттар бүгінгі таң-
да Мархабат шығармашылығының негізін құрайды. Бір қарағанда бірсыдырғы қоңыр тіршіліктің өзіміз талай куә болған көріністерін баяндап отырғандай көрінетін «Таудағы аңдыздағы» бұрынғы сыныптастардың он жылдан соң бас қосып, өткен өмірлеріне қайта сапар шеккенде адам баласы-
ның өмір ағымымен оп-оңай ағып кете берерін, әркім өзінің бүгінгі тіршілігі- нің уақытша сәттілігіне мәз боп, сол жолда кісілік, достық, махаббат деген ең қасиетті сезімдердің бәрін оп-оңай ұмытып кете баруға дайын,
азды-көпті тіршіліктеріне тым болмаса ойша мән беріп, одан мағына іздеуге уақыт таппайтын пенде атаулының бәріне тән өкінішті қасиет екенін жазушы
момын сюжет, бұралаңы мен қалтарысы көп кейіпкер мінездері арқылы бәрі-
міздің есімізге тағы бір салып өтеді. Шығарма элегиялық сарында жазылған. Оның алғашқы беттерінен алыстаған сайын өзіңе-өзіңнің қояр сұрағың көбейіп, көңіліңе мұң ұялайды. Жалпы,Мархабаттың шығармаларын оқып отырғанда алдыңнан «Неге?» деген сұрақ сәт сайын көлденеңдеп көрініп
отырады. Бұл сауал «Қорғансыз жүректе» көбейе түседі, «Машаттағы махаб- бат» пен «Ақпандағы мысықтарда» алдыңнан қаптап шығады. Оның «Жас Алаш»газетінің 20 мамырдағы санында жарияланған су жаңа әңгімесі «Жоғалған жұрнақтың» бәріміздің алдымызға ашық та төтесінен қоятын «неге?» деген осы сауалына жауап іздеп, санамызды қорғасындай бір зілбатпан салмақ басады. Әрине, бұл сұраққа әркім әрқилы жауап іздей жатар
оның себептерін де әркім әрбасқа түсіндіруге тырысар, бірақ, жазушы
қойған үлкен сұрақ белгісі бәрібір ойымыздан өше қоймайды. Кешегі өткен ұлы тарихы бар, елдік пен ерліктің, азаматтық пен кісіліктің неше түрлі үлгілерін көрсеткен осы қазақ деген елдің бүгінгі тіршілігі не боп барады?
Олар неге ұмытшақ, неге жалтақ, неге қара басының ғана қамын күйттеген
боп, басқаның қайғысы мен жан азабын түсінуден алыстап, ол алшақтық күннен күнге ұлғайып барады? Мархабат жазушы ретінде оған нақты жауап
бермейді, берудің де қажеті жоқ. Әркім өзі ойлансын, әркім өз ішіне үңіліп,
өзінше жауап іздесін. Жалпы, кәнігі суреткер, шын жазушы сұраққа жауап іздемейді. Егер жауап іздесе, оны тауып оқушыға ұсынып жатса, ондай шығарманың көркемдік құны төмендеп, оқушы үшін қызықсыз боп қалар еді. Жазушы дәрі-дәрмек жасайтын провизор, не фармацевт емес. Оның міндеті сұрақ қоя білу, оқушыны ойлануға, өз ішіне үңілуге итермелеу. Өзінің әйгілі
қара сөздерін жазғанда ұлы Абай нақты жауап беру үшін емес, мәнсіз, мағы-
насыз тіршіліктің басыбайлы құлы болып бара жатқан, тек қазақ қана емес,
бүкіл адамзаттың алдына «қалай, неге?» деген сауал тастайды. Ал адамзат сол суалдардың бәріне әлі күнге дейін жауап іздеуде.
Жазушының шығармалары тақырыптық жағынан да, оқиға іріктеу тұрғы-сынан да, ең әрісі, кейіпкерлерінің бәрі бір аймақтан, бір ауылдан екені көрініп тұрса да, әрқайсысының болмыс-бітімі әрбасқа, тағдыр-талайлары әрқилы, ой-өрістері әр деңгейде, тағдырлары сан-сапалақ. Оларды көріп отырып бірде күлесің, бірде налисың, енді бірде ойланасың. Өзім де осы өңірде туып-өскендіктен бе, кейіпкерлерінің бәрі маған да етене жақын, өзім
талай-талай арасында жүргендіктен бе, ұмытылып бара жатқан таныстарыммен қайта табысқандай боламын. Бірін-бірі қайталамайтын, бір-біріне ұқсамайтын мыңға жуық кейіпкердің мың түрлі мінез- құлқын жасап
беру де оңай жүк емес.Мархабаттың басқалардан артықшылығы ол өз кейіп-керлерінің қалың ортасынан алыстаған емес. Табиғи болмысынан әлі тым алшақтай қоймаған, іс-әрекеттерінде жасандылық деген болмайтын оңтүстіктің мінезге бай адамдары Мархабат шығармаларына тұс-тұстан анталап, өздері кеп еніп жататын секілді. Ауылдың қасіреті тұрмыс-тіршілігі- не төзе алмай, өзі үйген қозапаяның үстіне шығып алып оған от қойып өртеп, жалынмен бірге ғарышқа ұшпақ боп ауылымен қоштасатын Ерсәлім атты
қиялшыл арбакеш, сонау Карелияға Ойпаңбел ауылынан дарбыз алып барып,
оны балабақшаға тегін үлестіріп, сол жерде рахатын көрген саунаны ауылға әкеп салуды ойлаған Сайрамбай және Шубай мен Тастыбайдың күлкіге толы мінездері, қилы-қилы ұлттың қилы-қилы іс-әрекетін көрсетуге арнаған «Ақсақ кемпір» әңгімесі , «Сүмбіленің суындағы» курорттық махаббат, ынжық күйеу, пысық әйел, таңға шейін қыз қасында жатып саусағын қимылдата алмайтын ұяң бозбала, қойшы әйтеуір, Мархабат кейіпкерлерінің
бәрі өмірдің дәл өзінен көшіріп алғандай шынайы да нанымды, қызықты да күлкілі.
«Кандидаттың имиджі» атты әңгіме де жазушының өзіне тән жеңіл юмормен жазылған. Депутаттықа кандидаттың сайлау алдындағы алуан түрлі
әрекеттері, әділдік пен арамзалықтың тайталасы, ауызда бар, өмірде аз байғұс
демократияның түскиіздей фон ретінде ғана алыстан көрінетіні, бәрі-бәрі жа-
зушылық фантазияның ғана жемісі емес, өмір материалдарын суреткерлік
електен ұтқыр іріктеп өткізе білген шеберліктің жемісі. Демократияның отаны боп есептелетін ағылшын саясаттанушыларының арасында мынандай бір күлкілі анықтама бар. Мән-мағынасын дәл жеткізу үшін оны қазақшаға
аудармай-ақ орыс тіліндегі нұсқасын келтірейін. «Диктатура-это выбираешь
то, что дают, демократия – выбираешьто , что хочешь и получаешь то, что дают».
«Кандидаттың имиджі» атты әңгіменің ұзынырғасы осы идеяны байқатпай сездіріп тұрған секілді.
Кіммен сөйлессең, соның деңгейінде сыр айтасың. Мархабат шығармаларын талдау барысында жас баланың қиялынан бастап, өзекті мәселелерге дейін ой өрбітуге құштар болып отырасың. Өйткені, оның шы-
ғармаларындағы әділдік пен қулықтың, мейірбандық пен қатыгездіктің, өтірік пен шындықтың мәңгілік тайталасы әдебиетте бір бүгін ғана емес, адамзат ес біліп, етек жапқалы бері жалғасып келе жатқанын және жалғаса
беретінін, шығармашылықта өзі рухани ұзтаз тұтатын, оқиға іріктеу мен кейіпкер бейнесін жасауда іштей еліктейтін, мейлінше мәдениетті жазушы
А.П. Чехов айтқандай, «өңменіңнен өтетін бұл ызғарлы жел әулие Петрдің
кезінде де тұрған, ертең де тұрады, одан кейін де тұра бермек». Құрлық пен
теңіздің мәңгі шайқасындай, әлжуаз әділдіктің айласы мол зұлымдықпен шайқасы біздің ғасырымыздан кейін де жалғаса берері сөзсіз.
Мархабат Байғұтовтың шығармаларын бір емес, бірнеше мақалада да
талдап шығу мүнкін емес. Оның хиқаяттары мен әңгімелерінің атын атап, шығармасындағы кейіпкердің аттарын тізіп шығудың өзі мақталықтағы қозапаяны санап шығумен бірдей. Оның шығармалары жайлы қазақ баспасөзі
аз айтқан жоқ. Оның әрбір жаңа туындысы сонау «Сырбұлақтан» бастап, ең соңғы !Ауыл әңгімелеріне»дейін әдебиетші- ғалымдар мен жазушылардың,
журналистер мен қарапайым оқушылардың ыстық лебізіне бөленіп, тиісті бағасын алып келеді. Оның кітаптары жайлы қазақ қарасөзінің майталманы Тәкен Әлімқұлов, белгілі ғалым Керімбек Сыздықов, арамыздан мезгілсіз кеткен Қалдарбек Найманбаев, азулы ағасы Шерхан Мұртаза, Әмірхан Мен-
деке, т.б. республикаға аттары белгілі әдебиетші-сыншылар әр кезде ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдіріп отырыпты. Демек, оның шығарма- лары Қазақстан көлемінде марапат-қошаметтен кенде болмады деген сөз.
Біздің заманымызда әдебиетпен басыбайлы біржолата айналысу мүнкін емес, тіпті, қазақ әдебиеті үшін алтын ғасыр боп бағаланып келе жатқан өткен жүзжылдықта даонымен түп -түгел айналысқан ешкім жоқ.олардың
бәрі де көркем әдебиетті үшінші ауысымда,(орысша айтқанда,үшінші сменада)жасады. Бірақ, ол кезде көркем әдебиет мемлекеттік қажеттілік бол-
май қалды.Нарықтық қарым-қатынас бұрынғы құндылықтарға басқаша қарап
көркем әдебиет туындыларына кірпіш зауытының өнімдері сияқты жаппай
«тауар»тұрғысынан бағалайтын көзқарас қалыптастыра бастады. Мұндай көзқарас қалыптасқан жерде әдебиеттің өсіп, өркендеуі жайлы сөз қозғау-Ка-
релиядағы саунаны Ойпаңбелге әкеп орнатпақ болған Сайрамбай мен Тасты-
байдың әрекетіндей боп қалары сөзсіз. Мемлекет пен ұлттың болашағын көркейтеміз десек, алдымен әдебиетті қайта жандандырудың қамын ойлауымыз керек. Бұл жерде мен шынайы көркем әдебиет жайлы айтып отырмын. Сан жағынан бұрынғыдан әлдеқайда мол сүреңсіз кітаптар әлі әдебиет емес, керісінше, ондай кітаптар оқушыны бағыт-бағдарынан адастырып, талғам таразысын арзандатып жібереді. Әлі күнге дейін «сверхдержава»деген атқа ие болып келе жатқан көршіміз Ресей газеттері
«орыс әдебиетінсіз орыс мемлекеті жоқ» деп дабыл қағудан таймай келеді.
Шын жазушының негізгі міндеті – нені жазуда емес, қалай жазуда, қанша
жазуда емес, не үшін жазуда. Осы тұрғыдан келгенде, Мархабат қалай жазуды, не үшін жазуды жақсы меңгергенге ұқсайды. Неміс әдебиетінің жиырмасыншы ғасырдағы классигі Бертольт Брехт «Шындықты жазудың бес айласы» деген атақты тұжырымдамасында «нені»жазу мен «не үшін»
жазуды басты критерий етіп, өзінен кейінгі толқынға осы талаптарды қағида ретінде ұсынып еді. Осыдан келіп, неміс әдебиетінде әйгілі «Брехт мектебі» пайда болды. Әрине, мен бұл жерде Мархабат Байғұтов Брехтың бес айласын оқып алып, өз шығармаларын жаза бастады деген ой айтудан аулақпын, бірақ, шындықты жазуға талпынған жас қаламгер әуелі құдай берген табиғи түйсік арқылы жазуға отырады да, өсе келе, тәжиірбе жинақтай келе, іздене
келе өмір шындықтарын шынайы көркем әдебиет шындығына айналдыру үшін бір ғана табиғи түйсіктің аздық ететінін сезініп, әлем әдебиетін пәйкел аралағандай аралай бастайды. Аралай бастайды да оқыған-тоқығанын ой тара
зысынан өткізіп, солардың бір де біреуіне ұқсамаудың жолын қарастырады.
Тіпті, олардан кемшіліктер де тауып, өз шығармаларында оны қайталамауға
барын салады.Мархабат Байғұтовты әдебиетте өз жолын, өз қолтаңбасын, өз стилін тапқан жазушы дейтінімізді де оның басқа ешкімге ұқсамайтын, тек өзіне ғана, Мархабат Байғұтовқа ғана тән ерекшеліктерін танып-білген соң айтамыз.
Қазір Қазақстан Жазушылар одағында жеті жүздей мүше бар деген ақпарат
ел ішіне икең тарап кетті.Біреулер оған қуанады, баз біреулер «Қаптап кеткен қайдан шыққан жазушылар»деп тыжырынады. Кітап шығарғанның бәрі жазушы емес, әу дегеннің бәрі ақын емес. Бірақ, олардың санына сан соқпай-ақ, өз керегімізді өзіміз таңдап ала білсек болғаны емес пе? Сан бар жерде сапа да болар деген үміттеміз.Бірақ,санды қуамыз деп кейде сапаны ұмытып кететін әдетіміз бар. Осы тұста М. Шолоховтың партияның ХХІІІ сьезінде
сөйлеген сөзі еске түседі. Онда ол мынандай күлкілі жәйтті мысалға келтіріп
еді. Тула облысының хатшысы «Әдебиет кадрларын дайындауда жағдайларыңыз қалай?» деген сұраққа: «Жақсы. Өте жақсы! Ревалюцияға
дейін бізде бір-ақ жазушы – Лев Толстой ғана болса, қазір, құдайға шүкір, жазушылардың Тула бөлімшесінде одаққа мүше жиырма үш жазушы бар» деп мақтанған екен. Әрине, әр губерниядан Толстой, әр аймақтан Әуезовтар туа бермес, бірақ, жазушыларымыздың қатары жыл сайын селдіреп келе жатқанын көріп, енді он бес, жиырма жылдан соң аға ұрпақтың орнын баса –тын жастар болмай қалар ма екен деген алаңдаушылығымыз да жоқ емес.
Бір кездері Қазақстан Жазушылар одағының жиырма пайызға жуығы оңтүс-
тіктен шыққан айтулы қаламгерлер еді. Қазірдің өзінде олардың қатары сиреп, саусақпен санайтындай халге тұсіп қалды.
Жазушылар одағының қара шаңырағына Сәбеңдермен, қос Ғабеңдермен иық тірестіріп, олармен қызу пікір таластырып, кезекті мәжілістерде салмақты ойларын ортаға салып, әдебиеттің бүгіні мен ертеңіне байланысты
терең толғаныстарын айтып жүретін үлкен бір дүрмек бар еді. Б. Кенжебаев, Ө.Тұрманжанов, Т.Әлімқұлов, С.Бақбергенов, Р.Райымқұлов,С.Адамбеков,
Т.Бердияров,Б.Әбдіразақов,Т.Иманбеков, Қ.Найманбаев, А.Сүлейменов, Т.Тоқбергенов. Бүгін арамызда жоқ бұл есімдерге қосымша анықтама беріп жатудың өзі артық. Олар қазақ әдебиетінің тарихында аттары алтын әріппен
жазыла бастаған ірі тұлғалар, қайталанбас сөз зергерлері еді.
Әлі есімде, бір кездері Шыикентте тұратын қаламгерлердің өзі үлкен бір
қауым болатын. Жұмабек Еділбаев, Амантай Байтанаев, Омарбай Малқараев,
Нәмет Сүлейменов, Нәсіреддин Серәлиев, Еркінбек Тұрысов, Қарауылбек Қазиев, Әбжаппар Жылқышиев, Зейілбек Өмірбеков...Олардың бәрі маған аға
Боп келетін. Қазір сол ағалардың ізін басып келе жатқан жас ұрпақты таба алмай,бұл өңірдің ертеңгі әдеби болашағын ойлап, көңілім құлазитынды шығарды.
Әдебиетті көп боп жасамайды.Әдебиет – жеке адамдардың еңбегінің жемісі. Біздің тәуелсіз еліміз енді-енді еңсе көтеріп, өркениетті, дамыған елдердің қатарына енді-енді қосылып келеді. Бұл жолда жеңісіміз де, шегінісіміз де, дағдарысымыз да аз болмады. Бұдан кейін де төрт құбыламыз түгел, уайым-қайғысыз өмірге оп-оңай қойып кеткелі отырғамыз жоқ. Алдымызда қыруар жұмыс күтіп тұр. Демек, әдебиеттің де алатын қамалдары мен асатын биіктері аласармақ емес. «Где все хорошо, там писателю делать нечего»депті ғой Бернард Шоу деген ағылшындық қаламгер. Ал, бізде проблема көп.Проблема көп жерде жазушы ауадай қажет. Себебі, сол проблемаларды жолға қою үшін қара күш, дөрекі сөз емес, Бернард Шоудың юморындай мәдениетті мысқыл,уытты сарказм керек. Ондай юмор мен сарказмның иесі арамызда жүр.Оның аты-жөні-Мархабат Байғұт.
Жасай бер, жаза бер, мінезі момын, ойы шымыр, тілі уытты іні-досым Мархабат!

Исабеков Д.
«Егемен Қазақстан», №118, 2005 жылғы 28 мамыр


Нармахан БЕГАЛЫҰЛЫ,
ақын, «Құрмет» орденінің иегері


ҚАЗАҚЫ ҚҰНАР

Өмір – үйлесімдер мен үрейлердің арбасуы. Тіршілік дегеніміздің өзі – қалайда өлімге апаратын жол. Әр молаға адамзат тарихының бір бөлшегі көмілген. Жарық дүниемен қоштастырар соңғы сүрлеуіне түскен адам естеліктер әлемінің әлсіз есілген жібіне амалсыздан жармасады. Сол тұстағы нәзік жүйкенің жұқаруы Соншалықты аянышты-ақ. Осы ойларға неге берілдім екен?! Махаббат қара суықтың қарғысына ұшырап, салғырттықтың алдында сұлулық мертігіп жатса, қалайша ойланбассың?! Мұны маған «Әдебиет пәнінің періштесі» хикаятының кейіпкері, өмірмен жалғыздан-жалғыз бетпе–бет өліммен жалқы жекпе-жек қалған Баубек ойлантты.
Әдетте «талғамға бола таласпайды» деседі. Шығармасына Мұқағали ақынның «Менің нәзік жанымды кім түсінер...» деген өлең жолын эпиграф еткен жазушының бір білгені бар шығар. Мен басқашалау түсіндім. Кейіпкер Баубектің тағдырын сана сүзгісінен, көз алдымнан тағы да қайта өткізе отырып: «Он жил так, будто нес перед собою свечу» - деп сыбырладым. Әрине, төл сөзім емес, орыс жазушылары арасында Нобель сыйлығын тұңғыш иеленген Иван Алексеевич Бунин жөнінде әлдебір замандасы осылайша толғанған. «Тілін бөтенсімесек, бұл біздің Баубегіміз емес пе, Мархабат?» дегім келді. Сонан соң орыси тұжырымға өз жанымнан «Өкпек желдің өтіндегі нәзік жалын тез сөнеді» дегенді қостым.
Бунин демекші, сол жазушының 1915 жылы жазылған «Граматика любви» дейтін әңгімесіндегі детальдің дәлдігі есіме түсе қалғанын қараңызшы. Балалығының базарын қыздырған, жастығының арман бесігін тербеткен қара шаңырағына Лушка есімді кейіпкер араға жылдар салып оралып, еденде кеудіреу кеуіп жатқан, тақтай бетін тұтаса жапқан алтын түсті өлі араларды көреді. Онда тұрған не бар дейсіз бе? Қуат қуанышынан, құштар әлемінен айрылған, удың өзін кезінде балға айналдырған махаббаттың ажал құшуы емес пе бұл – сұмдық қой! Баубекке де осы тағдыр дөп жазылған екен. Тіпті, «Граматика любви» мен «Әдебиет пәнінің періштесі» тіркестері де ұялас тәрізді.
Өлі аралар туралы тәмсілді тұспалдауыызда мәніс бар. Жаз бойы гүлден шырын сорған аралардың аталықтары алдағы қыстың дайындығын аяқтайды да, ұрпақ өрбіту үшін аналықтарын ғана қалдырып, кешеу күзде өздері түгел қырылады. Неге? Уақытқа үйлеспегендіктен. Олар да кейіпкер Баубектей: «Біздің әлеміміз мына әлемге келмесе не шара? Мөлдіреп өттім өмірден. Былғанбай барам бақиға. Қалықтаймын-ау қанаттарыммен. Ұштым да кеттім жеп-жеңіл» - дейтін сияқты. Әрине, бұл - болжам. Табиғаттың тылсым құпиясы түйсігіізден әлдеқайда терең десек те, түйсіну құдіретін бағалаған жөн.
Және бір мысал келтірейік. Адамзаттың рухани қазына ортақ екенін ескеретін оқырман «орысшылдығымызды» кешірер.
Қара мақпал, алтын бунақ арасың,
Мұңлы шектей мұңлық күйге саласың.
Түсінбейің адамның ой-санасын,
Жайпай өтіп мейірімнің даласын.
Соғады әлі сұрапыл бір борасын,
Ысырыла ызғып кетіп барасың.
Өзіміз еркін аударған бұл өлеңнің И.А. Бунин жоғарыдағы аталмыш әңгімесін он екі ай шамасы кейін жазыпты. Тағы бір жыл озғанда, айтқаны ақиқатқа айналғанын жалпақ жұрт көрді – 1917 жылы Қазан төңкерісі бұрқ етті. Тыныштықтың астаң-кестеңі шығып, ар-ұят, адамгершілік құндылықтары табанға тапталды. Алмағайып, аласапыран зұлматтың қорлығына, төңкерісшіл қарау күштердің зорлығына шыдамаған жазушы ақыры эмигрант атанып тынды. Туған елінен топырақ бұйырмай, моласы Парижде құлақ қылтитты. Міне, түйсіну құдіреті! Әсіресе, өлеңнің соңғы екі қатарындағы қисынға Бунин тағдырының қиыса кеткенін көрмейсіз бе?!
Өтпелі кезеңдегі тұрпайы тұрмыстың, еліктеуі ерсі мәдениеттің құрбаны болған Баубектің де өлімі кездейсоқтық емес. «Әлеуметтк әуеннің» сұрғылт сарыны әуелі Махаббеттің басын алдырған, Абайды тасырлардың таяғына жығып, Ахмет Байтұрсынұлын, Міржақып Дулатты, Мағжан Жұмабайұлын, Жүсіпбек Аймауытұлын, Әлихан Бөкейханұлын оққа байлаған. Солардың бағытын ұстануға, жолын қууға, ілімін ілгерілетуге, ісін м әреге жеткізуге талпынған уыздай жасты мүйізі қарағайдай қарадүрсінділік қарға адым ұзатпады. Баубек кейіпкердің болмысы – күйреудің қорқынышына қарсыласқан қорғансыз жас жігердің арпалысы, тарихи тағдырымыздың тамшыдай ғана көрінісі. Әдебиет пен өнер аяқ астына түскен күндерде тірлік кешкен қарапайым мұғалім бабалары жаққан шырақты өзінен кейінгі ұрпаққа өшірмей жеткізуді армандады. Асқақ рухы қай кезде де Ар дейтін аяулы ауылдан табылатын. Еркін ерлігі – адамдарды сүйе білушілігі. «Қыздай сызылғанның қыздай сызылған баласы мұзға жығылған дейтіндер де аз болмас. Ғайбатсыз-ақ, айбатсыз да аттанайын жалғаннан» - деу үшін де кінәрәтсіз махаббат пен ождан тазалығы керек қой. Адал аңғалдықтың да суалатынын, қуаратынын сезбеді ол. Өмір тұтқынан босап, өлім торына түскенге дейінгі сәл сәттік бостандықты сезген де шығар-ау. Бақиға былғанбай баруды көксеген, тектілікті тірек тұтқан пендеге сондай кешігудің өзі дұрыс та.
«Әдебиет пәнінің періштесі» хикаятындағы сюджеттік желілердің иылысу тоғысында ұлттық мүдденің үдесінен шығуды көздеген жан жылылығының ұлғайған уәйімі мен көмескіленген сана салғырттығының ықылас-ынтаны ықтыратын ызғары, кісілік пен кісәпірліктің бітіспес шайқасы бар. Ұрпақтың қайырымсыздауынан, қатыгезденуінен үрейі үдететін «жұқалтай жүрек» жігіттің тастай қара суыққа қарпылуында, іштей қызыл жалынғы шарпылуында осындай сыр жатыр. Оның да қысқы ғұмырын құштарлық ғұмыры жұтып қойды. Шексіз сүйіспеншіліктің де жүректі қарашұбар жыландай шым-шым шағып тұратынын түсінуге Баубек әлі жас еді. Сондықтан да «тұп-тұнық күйде, толғана ақты». Аудан мен ауыл арасында Баубекке жеткізбеген төрт шақырым жер тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы қысылтаяң қарбаласымызды еске түсіреді. Кімге оңай болды дейсіз?! Тәубе мен шүкіршілікке тіліміз енді келген сыңайлы ғой. Ол түні «қайысып қара дақтардан, маысып барып құлаған» кейіпкерге зулаған мәшинелерде кәрі қыршаңқылық келте кекесінмен мырс етіп, салқын жарық саулаған май құю бекеттерінде тастан ойған сұп-сұр беттер бедірейіп, иесінің арсыз күлкісі қытықтағанда да мізбақпай отырғанына кім кінәлі? Қоғам ба? Әй, қайдам! Жазығы тізгін еркіндігін қолымызға тигізгені ме? Қоғам дегеніңіздің өз адамдар мінез-құқыныңы жиынтығы емес пе?! Өтпелі кезең заңдары тірлігімізді трагедияға тіреу үшін қабылданды деуге есі дұрыс кісінің аузы бармас. Кейіпкердің өз сөзімен айтсақ: «Пенделік, шіркін, қиын ғой. Қай дүние де құпия». Көп нәрсенің қиюы табылмай, қинауы көбейгені рас. Жабағы жүні түспеген жадау-жүдеу күндерде жекешелендірудің желігі жындай ұйытқып, ойран-ботқа ойларға көмілдік. Сол шеңберді рухани қуатпен бұзып шыға алмасақ, сорға құлайтынымыз, танымсыз, талғамсыз мәңгүртке айналарымыз сөзсіз еді. Баубеу кейіпкер көлденең көгенкөзден көмек сұрайтын көркөкірек емес, көрсоқырлықтың кәкір-шүкірінен келешектің мөлдіреген көкжиегіне ертерек жетуді көздеген намысшылдарымыздың бірі болатын. Ол бүкіл арман-тілегін бір тамшыдай ғана таза ғұмырына сыйғызып өтті жалғаннан. Сұлу талғамының талқысы қатты жігіт Құдайдан қорықпайтындардың адамнан ұялатына сенбей кетті. Тоқтыққы емес, тоғышарлыққа қарсыласып бақты. Ащыны маңдайынан төгіп, тәттіні маңдайымен татты. Аңсарлы аңғалдығымен өмірде де, әдебиетті де алаңсыз сүйген жан жомарттығын танытты. Қойдай қоңыр жуыастығымен жадымызда, айбынын айқайсыз-ақ аыратын биязы үнімен – нағыз адами дауысымен үнімізде қалды. Оның ақылды күлкісінде өткеніміздің өксігі, бүгінгіміздің бұлқынысы, келешегіміздің романтикасы тұнып тұрды. Кейбіреудің үстірт ойлайтынындай, «Әдебиет пәнінің періштесі» отбасы, ошақ қасының күйбеңшіл күңкілі емес, биікке талпынған бекзат болмысымыздың шерлі шежіресіндей шығарма. Ішкі әлемімізді нұрландыратын өміршеңдік, қуаты мол мұңлы игілігіміз. Қайғырып отырғанда оқысаңыз қайғыңыздың өзіне тіл бітіргендей. Нағыз байлық сөз жиған адамда екенін зерек зерделеген әкелі-балалы кейіпкер не айтса да өмірдің, әдебиет пен өнердің, ұрпақ тәрбиесінің пайдасына айтыпты. Көкірегі аяққаптай найсаптықтың, аярлықтың асқақтауынан, абыройдың аяқастылығынан қорқыпты. Сол себептен де бұл туындының түп қазығы – уақыт идеясы. Формасы – уақыттың тәкаппар тәртібі. Егер хикаятта ақтарылған ұлан-асыр сыр тұтасымен монологтар арқылы ғана баяндалмаса, онда тақырып пен стиль арасында түр мен мазмұнның бірлігі сақталмас еді. Сыршылдықтың еркін үлгісін таңдаған жазушы пәлсапалық толғамдарын қысылмай-қымырылмай толғау, қиялын қиырға самғату, кеңінен қамтып, молынан қарпу мүмкіндігіне ие болған. Мұнысы тұйықтан шығуға талпынған өтпелі кезеңдегі кейіпкердің көңіл-күйіне сәйкес, әрі үйлесімді. Алғы шепте күнкөріс қамы емес, поэтикалық ойдың озуы – тектілігіміздің белгісі.
Жайылып бара жатқан жалпақ судай жалған ділмарлықтан тіксінген қаламгер тіркестердің ырғақты құбылысына сезім сәулесін, жүрек жылуын жүгіртіп, мінез-құлық қырларын ашып көрсетуге, қисынды көзқарастар қалыптастыруға құнарлы психологиялық өзгерістерді рет-ретімен жүйелі пайдаланған. Көркемдік климатындағы температураның кенеттен күрт көтерілуі немесе күтпеген жерден төмендеуі сүйініш-күйінішімізді қатар қанағаттандырып, шы,арманың үйлстірушілік рухы желеп-жебейді. Сондықтан Баукең бейнесі бірыңғай патетикалық-трагедиялық ауанда емес, табиғатпен бірлікте, адамдармен қарым-қатынасы тақырыптық шеңбермен шектелмеген деңгейде жасалды деуге құқылымыз. Өзіне ғана тән түйсіну жаңалығы арқылы жазушы жеке тағдырдың орны толмас өкінішінен де мөлдіреген рухани дүние туғызып, қырышынынан қиылған өрімдей жастың рухани өнер өлкесіне – ажалсыздықтың әсем әлеміне тұрақтандырды. Бұл – қалам ерлігі. Оқисың да, ағаштан бесік те, табыт та жасалатынын ойлайсың.
И.А. Бунинннің 1912 жылғы «Захар Воробьевіндегі» осы аттас кейіпкердің бәстесіп ішілген төрт шөлмек арақтан ажал құшуы, 1916 жылы жазылған «Жеп-жеңіл дем» әңгімесіндегі Оля Мещерскаяның өзін әлдеқалай алданған офицер қолынан қазаланған «әйелдік нәзіктігі» көзге елестейді. Орыс тұрмысының мұңлы жыршысы мұндай мінез-құлыққа негізделген қоғамның ұзаққа бармайтынын мегзеп еді кезінде. Болжамы қате кетпеді. Ал, әлгілермен салыстырғанда, Баубек кейіпкердің бұл жалғаннан жеп-жеңіл ұшып кетуі – ұялмайтын өлім. Іргетасына саф тазалығымыздың бөлшектері қоса көмілген тәуелсіздігіміздің ғұмыры баянды боларына сеніп, шүкіршілік етесің.
Маған Мархабат Байғұт туындылары көріністері әр түрлі декорациядағы тұтас драманы елестетеді. Сонда да оқиға қуаламай, әр сөйлемнің астарына үңілемін, құрылымын бағдарлай бағамдаймын. Метафоралары мен тенеулерінің, эпитеттерінің ажарына назар аударуға құмбылмын. Өйткені, мұның бәрі – жазушы шеберлігінің барометрі, әдеби бейнелерді сомдауға қызмет ететін, оқырманның санасында мәпелеу ғана жетілетін, образдарды оятқыштық қасиеті бар нәрлі нәрселер.
Мархабат шығармашылығының төлбасы туындысы «Шілде мен Егінбайда» күдігіміздің күңгірттігін қоюлататын: «Сырбұлақтың сылдырын да қапырық қақтап еміп жатқан секілді» деген шынайы пейзаж бар еді. Эстетикалық тұрғыдан үлбіреу үлбіреген осы сөйлемнің арқалаған жүгі тым ауыр екенін оқиғаға ғана елтитін оқырман түсіне бермейді. Шынында да Сырбұлақтарымыздың сылдырын аңызақты аптаптар сылқылдатып жұта берсе - өзендеріміз суалып, нуларымыз қуарып: «Сорқұдықтың басына сорға бола қонды әкем» дейтін күн тумай ма? Сонда Егінбайларға не бетімізбен қараймыз? Қолдан жасалған экологиялық апаттың зардаптары үшін кімді айыптаймыз? Міне, ділгерлік дүниесінің – проблемасының көкесі! Бір сүйнерлігі, осыншалықты ащы ойларды қаламгер дауыс көтермей, ың-шыңсыз, ыммен тұспалдайды. Түкпірлі ойды іздеуді бізге қалдырады. Абай атасының «Ынталы жүрек сезген сөз, бар тамыры қуалар» дегенін басшылыққа алғаны шығар. Демек, «ымға түсінбегендер дымға түсінбесе» - оқырмандық даярлықтың жеткіліксіздігінен. Әлгіндегілердей сөйлемдерді бүгін алпыстың асқаралы биігіне көтерілген жазушымыздың кітаптарын ондап, жүздеп келтіруге болады.
Саяси және әлеуметтік деп аталатын абстрактылы ұғымдар мен көркемдік идеясының арасында едәуір саңлау қалып қоятынын ерте сезінген Мархабат сол бос кеңістікті қазақы тұрмысымыздың қарапайым құнарымен толтыруға сөз сиқырын шебер пайдаланып келеді. Бұл ретте әдемі әжуаны, уытты мысқылды, мықылдап, орнымен қолданады. Мұнысы кейіпкерлерді кеміткеннен емес, «Халқын сүйген кісі оны моншаға түсірсін» дейтін тілектен туындағанына күмәніміз жоқ.

«Оңтүстік Қазақстан», №70, 2005 жылғы 26-мамыр


Шойбек Орынбай
Жазушы


КЕЙІПКЕР ҺӘМ МАХАҢНЫҢ ӨЗІ

Осыдан оншақты жыл бұрын ғой деймін,жұмыста отырған маған Мархабат
ағам телефон соқты. Әдетінше хал-жағдайымды, бала-шағаның амандығын сұрады. Сонан соң:
-Ертең күн жексенбі емес пе, қолың бос шығар, ә? – деді.
-Ептеп солай болатын шығар, - дедім.
- Шойбек, төтесінен айтсам, былай, - деді Махаң енді телефон соғуының
мәнін түсіндіріп, - ауылдан келген бір оқырманым қонақ болып кетіңіз деп қоймайды, жүдә. Сол ауылға барып қайтайық. Жалғыз бару бір түрлі ыңғайсыз.Көлік таптым.
- Жарайды, Маха, қай жерде кездесеміз.
- Сағат онның кезінде әкімшіліктің алдында.
Сонымен,көк«Жигулимен»әлгі оқырманның ауылына қарай зырғи жөнелдік. Анау айтқан әңгімешіл емес мені Махаң жеңіл шымшылап сөй-
лейді, әңгімеге тартады. Мен болсам қазақ әдебиетінде астарлы әжуа мәнерімен ерекшеленетін жазушының кейбір шығармаларын еске аламын. Оқып отырып ризалықпен жымиясың. Жымиып отырып, ойға қаласың.
Әдемі әжуаның осындай екі қыры барына таңданасың. Әрине, әжуаның бәрі еріксіз жымитқанмен, көбі ойландыра бермейді. Ал, Махаңның астарлы әжуасы оқырманын терең ойға жетелеуінде құдіретті бір сыр бар.
Сондай көңіл-күймен Махаңның оқырманының үйіне жеттік. Амандық-саулық ұзынсонар болған жоқ, тым қысқа да қайырылмады. Сыйлас адамдардың бір-біріне деген таза пейілді ілтипаттары сезіліп тұр. Көңілге жағымды, бізге, екі-ақ қонаққа көлдей дастархан жайылыпты.Шіркін, ауылдың екі үйінің бірінде кездесетін кеңпейілдік-ай. Сол көлдей дастар-ханды жиектей төселген қалың көрпешелерге мамық жастықтарды шынтаққа ала жамбастай жатып шай іштік. Әңгіме де басталып кетті. Махаң мені оқырманына қатырып таныстырды. Таныстыруының өзінде
тағы да жылы әзіл қылаң берді. Үй иесі жымиып қойды. Өзінің сөз саптауы маған таныс секілді. Е, бәсе, мәселе енді түсінікті болды. Екеуінің әңгімесінен ұққаным: үй иесі жазушының оқырманы ғана емес, көп кейіпкерінің бірі секілді ме, қалай өзі?
Жамбастай жатып әңгімелесу маған ұнады. Біртүрлі әсерлі. Бәлкім, жазушы мен кейіпкердің әңгімесі елітіп әкетті.Әйтеуір, басқаша сезімге
бөлендім.Махаңның шығармалары туралы басқаша ойлай бастадым. «Қыз
ық, - деймін іштей – Мархабат Байғұт ағамыздың кейіпкерлері тіріліп кетіпті–ау. Және олар өздері прототип болған шығармалардың оқырмандары. Мұнысы да қызық»
Әлгінде келер кезде жөндеп назар салмаған екенмін. Қайтар жолда байқадым, ауыл маңының көркі кереметтей көз тартады. Машинаны тоқтатып қойып төбе басына шықтық. Әрі кейіпкер, әрі оқырман жазушы-
ны қимай тұр. Әңгіме әлі де егіл-тегіл ағылып жатыр.
-Міне, сіз суреттеген көрініс. Мынау гүлдердің де, барлық өсімдіктің атын жақсы білесіз, - дейді оқырман.
-Анау қырлардың арғы жағында, тау сілемдерінің етегінде менің ауылым Пістелі жатыр, - дейді жазушы.
Маған да бұл табиғат көрінісі таныс. Махаң шығармаларындағы суреттеу арқылы тіпті етене таныс. Оқыған кезде көз алдыма қалай елес-
ген болса, қазір сол күйінде көріп тұрмын.
Оқырман ауылынан сондай бір басқаша оймен, басқаша әсермен орал-
ғаным бар еді.Бұдан кейін де Махаңның бірталай әңгіме, повестері жарық
көрді. Оқып шықтым. Кейбір шығармаларындағы кейіпкерді айнытпай таныдым.
Махаң оқырмандарының бірі – марқұм Беркін Қалмағанов ағамыз болатын. Табынатыны Абай мен Мұқағали еді. Дулат Исабеков, Дүкенбай Досжан секілді мықты жазушыларымызды да оқиды. Кино өнерін жіліктеп талдап-саралайды. Ептеп жазатыны бар. Сол Бекең 90-жылдары
Махаңмен танысып, аралас-құралас жүрді.
Бірде Бекең түрлі тақырыптарды әңгіме етіп отырды ба:
- Осы Мархабаттың шығармалары тереңірек зерттеуді керек етеді,- деп
бір тоқтады.
- Шынында да, деймін оның пікірін қостап.
- Өзінің мінезі қиындау секілді.
- Оның шығармаларына да баға беру оңайға соқпайды.
- Оның шығармаларына айтылған сындарды да байқап жүрмін. Белгілі бір қалыпқа салынған пікірлермен шектеле береді. Ауыл өмірін жазатын жазушы деп Бейімбетке теңейді. Бірақ соның бәрі де дәл емес. «Шел» деген әңгімесін оқыдың ба?
- Оқыдым. Былай жазылуы күрделі көрінбегенімен, шоқтығы биік шығарма. Заман лебі тудырған типтік бейне жасалған онда.
- Қоғамның шелі ғой, қоғамның. Ешқашан көркемдігі көнермейтін, шы-
райынан айырылмайтын шығарма. Ой айтып қана қоймайды, ойлантып тастайды оқырманды.
- Бұл да айтылып жүрген пікір ғой, - деп қалдым мен.
- Мені де қай бір жеріне жеткізіп айтатын сыншы дейсің. Сондықтан ғой, Мархабатты тереңірек талдап зерттейтін біреу болса деп отырғаным.
Осылай деген Бекең: «Байқайсың ба, оның кейбір шығармаларында мінезі қиындау кейіпкерлер баршылық, тура өзі секілді» деп өзінің алғашқы ойын шегелей түсті.
- Бір қызығы, Махаңа сырын айтқан адам уақыты келгенде оның кейбір шығармаларында мінезі қиындау кейіпкерлер баршылық, тура өзі секілді» деп өзінің
алғашқы ойын шегелей түсті.
- Бір қызығы, Махаңа сырын айтқан адам уақыты келгенде оның кейіпкеріне айналып шыға келеді, - дедім мен.
- Ондайы да бар көрінеді, - деді Бекең.
- Әсіресе, хат арқылы сырын ашқандар шабытын қоздырып жібереді-ау деймін.
- Сондықтан, шығармалары өмірден ойып алғандай, шындыққа жақын әрі әсерлі.
- Өмірдің шындығын бәріміз білеміз.Байқаймыз,көріп те жүргендейміз. Бірақ, соны
жеріне жеткізіп жаза алмай жүрміз ғой.
Жазушының бәрі Мархабат емес. Шынында қазақ әдебиеті қадау-қадау дарынға кенде
емес. Бірақ, солардың бірін асыра мақтаймыз, енді бірін білсек те білмегенсиміз, енді бірі туралы мүлдем ауыз ашпаймыз. Солардың әрқайсысының өз оқырманы бар. Бірінікі көп,
бірініңкі аз.
Осыдан үш-төрт ай бұрын денсаулығым болыңқырамай қалды дей ме? Өзі сенің қай жерің ауырады?
- Байқамай, өзіміз сатып алатын ауру ғой, Маха.
- Қайдам, біз барлық сырымызды айтып қоямыз, сен жасырып жүресің, әйтеуір, - деп алып Махаң мені неге іздегенінің мән-жайына ауысты.
Телефонның бергі жағында тұрып ойландым: « Барлық сырымды біліп қойсаңыз, бір
кейіпкеріңізге айналып кетіп жүрермін. Одан да сәл-пәл құпиямды сақтай тұрайын» деп.
Осы қағидасымағымды іштей ұстанғандықтан болар, біз жиірек араласқан он алты-он
жеті жылдың ішінде Махаңа бір де бір хат жазбаппын. Дегенмен, есімде қалған бір жәйт күні бүгінге дейін өзімнің күлкімді келтіреді. Махаңның қарамағында, ішкі саясат бөлімінде қызмет етіп жүргенмін. Жұмыс мәселесімен болмашы нәрсеге келіспей қалдық. Кәдімгідей ренжіп қалдым да қызметтен кетпек болып өтініш-хат жазып бастығымның алдына тастадым. Махаң оны оқымады да. Сөйтіп, оның кейіпкері бола алмай қалдым.

«Шамшырақ», №42-43, 2005 жылғы 27- мамыр


Әбілда Аймақ,
ақын,Физули атындағы
халықаралық сыйлықтың лауреаты


ТӘЛІМГЕР АҒА

Кешкі сағат тоғызға жақындағанда Мархабат аға телофон соқты:
-Әбілда, ертең ауылға бармақшы едік, бізбен бірге жүресің бе? – деді.
Биыл 60 жасқа толатын жазушының мерейтойына байланысты екенін
бірден сезген мен қуанып кеттім. Арғы жағынан:
-Түлкібас ауданының әкімі Дархан Қамзабекұлы шақырып еді. Бірер ауылда кездесу болатын көрінеді. Қолың тимесе, қинамаймын, - деді.
Мұндайда қолдың тимегеніне қараймыз ба? Тіршілігің таусылмаған соң, тірлігің де таусылмас.
-Ертең боспын, аға, -дедім.
-Онда таңертең сағат тоғыз жарымда біздің кеңсеге кел.
Түнімен әрнені ойлап, кездесуде Мархабат Байғұт туралы нені айтсам екен деп жаттым. Түннің бір уағы болса да ұйқым қашты. Жазушының кітаптарын алдым. Бұрын оқысам да қайталап қарап шықпақшы болдым. Бір
түнде барлығына қайдан үлгересің. Дегенмен бұрынғы оқыған кітаптарымды
ары-бері қайта парақтап, кейбір тұстарын есіме түсірдім. Бұл өзімше дайындалғаным.
Таңертең бұрынғы әдетім бойынша ұйықтаңқырап қалыппын. Орнымнан
тұрсам, сағат таңғы тоғыз болыпты. Қап! Жуынып, шайынам дегенше, жарты сағат өтіп кететін болды-ау деп, күйіп-пісіп жүріп, мені оятпаған әйеліме ренжіп, беті-қолымды жуынған болып жатырмын. Қас қылғанда екі-үш түйір сақалым да алынбапты. Оны да ұстарамен қырғыштап әлекке түстім. Қойшы әйтеуір, не керек сағат 10-ға таман өліп-өшіп зорға жеттім. Мен барсам, ақын Сәрсен Бек Сахабат келіп қалыпты. Махаңның алдында сенен бұрын келдім дегендей шалқайып отыр. Құрдасым ғой, маған өзінше қыр көрсеткені бұл.
Ұялған тек тұрмайды деп Махаңа ақталып жатырмын.
-Сенің сылтауың таусылмайды. Жарайды, Амантұр ағамызды күтейік, -деді.
Уһ! Менен басқа да кешігетіндер бар екен-ау, Махаңның ренішінен Алла
мені осылай құтқарайын деген шығар деп қуанып қалдым.
Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны көтерген Махаң Амантұр ағамызға:
-Сол жерде тырп етпей тұра беріңіз, біз қазір барамыз, - деді де асығыс
орнынан көтеріле берді.
Үшеуміз Махаңның мәшинесімен жазушы Амантұр Мұсаев тұрған жерге
келіп, оны да қатарымызға алып, Түлкібас ауданына тарттық.
Жол-жөнекей үшеуміз оңайлықпен сөйлемейтін, бір сөйлесе тоқтай қоймайтын Амантұр ағаның әңгімесіне алданып, Састөбенің бұрылысына
келіп тоқтадық. Осы жерде бізді аудан әкімі Дархан Мыңбай қарсы алып,
әрі қарай алып жүрді. Бізге аудандық газеттің редакторы Рүстем Өмірзақов
бастаған журналистер қосылды.
Біздің келе жатқан жеріміз Мақталы аталатын ауылдың жанындағы Керейт
екен. Керейтте менің бұрын да болғаным бар. Жетпісінші жылдары Керейт пен Мақталының өнерпаздар ұжымы «халық театры» атағын алған. Бұл елдің қыз-жігіттері шетінен өнерпаз, әнші, күйші болып келеді. Баяғы халық театрының режисері Әбдіқайым ағамыз да осында екен. Елдің басшылары мен ақсақалдары, ауыл кейуаналары қарсы алған біздер қалың елдің арасына сүңгідік те кеттік. Алдымен сахнаға жазушы Мархабат Байғұт пен аудан әкімі шақырылды. Іле-шала сахнаға шыққан әжелер тобы жазушыны сағынып-ақ қалған екен, халық әнінің мақамымен Махаңа сәлем беріп, барлығы қосылып алып құйқылжытты-ай келіп. Кимешектеріне оранған әжелер тобы:
Ауылым Арыс бойында,
Қуаныш бар ойымда.
Өлең айтып кетейік,
Мархабаттың тойында, - деп, сахнада тербетіліп тұрып алғанда, бүкіл көрермендер бірге тербеліп, ауылдың ыстық құшағын аңсаған біздердің жанарымыз суланды.
Сахнада тұрған Күлпан «әжей» Махаңды «бауырым, ағам» деп сөйлегенде, «ойпырмай мына кемпір Махаңды аға дегені несі?!» деп тіксініп қалғанмын. Сөйтсем, ол әже рөлінде ойнаған жап-жас келіншек екен. Сәусіл-
деген кимешегі құрғыр мені талтұсте адастырып жібере жаздады.Өз ойымнан қысылып, жан-жағыма қараймын, не нәрсе болса да былқ етпейтін Сәрсенбек баяғы күйі, өзгермепті. Амантұр ағам болса бір қолымен құлағын тұріп, келіншектің сөзіне ұйып қалыпты.
Мұның артынан ауыл әкімі Саттар деген замандасымыз шығып, Махаңның иығына шапан жапты. Жазушының қолын қысып қойып,микрофонды ұстаған
бойы әндете жөнелді. Ауыл әкімінен кейін бес-алтыдағы қыз бала әлдеқалай бір музыканың әуенімен үйіріліп билеп ала жөнелді. Не керек, жазушы тойында бар өнерін ортаға салған ауылды Мархабаттың ауылы дегенге әбден жарасып-ақ тұр.
Сахнаға шығып сөйлеген ауылдың кәрі-жасы бірдей Махаң шығармалары-
нан үзінділер келтіргенде, Махаңның соншалықты биіктеп кеткеніне көзім жетті. Әдетте күнде көріп жүрген көкемнің тым терең де, құпиясы мол, тылсымы да оңайлықпен шешіле қоймайтын жазушы екенін
ұқтым. Мархабат Байғұт – шынында да қазақтың мәңгілік жасайтын, өлмейтін рухына айналыпты. Біздің ақынбыз, жазушымыз деп көкиіп жүргеніміз далада қалды. Елдің, ел болғанда Түлкібас ауданының бір шетін-
де , қаладан алыс түкпірдегі елдің Мархабат туралы тамаша білетініне, әзиз тұтып, әлдилей жақсы көретініне таң қалдық. Имандылық, тазалық, пәктік, мөлдірлік, адамгершілік,тіпті әулиеліктің шынайысы бір бойынан табылатын
Мархабат аға Байғұтқа халықтың етене бауырласып, дәл өздерінің тұңғыш ұлдарын көргендей мәпелеп жатуы аса жарасымды еді.Таза шығармашылық-
тың құдіреті осындай болса керек.
Шай үстінде ылғи көптің көңілін табуға тырысатын, көпшіл және сезімтал да ұғымтал, зерек, үлкен ақыл иесі Дархан Мыңбай бір әңгіме айтты: Баяғыда Дағыстан халқының көсемі Имам Шәмілдің кезінде елде ақын көбейіп кетіпті
байқап отырса, анау да ақын, мынау да ақын, тіпті ақындардың көптігінен
адам мезі болғандай екен. Бір күні Шәміл жарлық шығарыпты.Ол жарлығын-
да кім де кім ақын болса, ертеңнен бастап терең зынданға тасталады делініпті
Осы жарлықтан кейін-ақ қаптап жүрген 300 ақыннан үш-ақ ақын қалыпты.
Ақыры жарлықты орындаушылар үш ақынды әкеліп зынданға тастапты.
Шәміл оларға өлең жазғандарыңды қоймасаңдар, тамақ та берілмейді депті.
Сонымен не керек, үш ақынның екеуі өлең жазуды сапа тыйып, біреуі-ақ қалыпты. Ал ақынды зынданнан шығарған Шәміл елді жинап: «Міне, нағыз ақын – осы!» депті. Ақырында ақынға мол сыйлық беріп үйіне қайтарған.
Міне біздің жазушылар бөлімшесі де аумалы – төкпелі алғашқы кезеңде сол зынданға түскен ақындардың күйін кешті. Бірақ әуелі Құдай, одан соң Мархабат Байғұттың арқасында Жазушылар бөлімшесі сақталып қалды. Махаңның қандай жазушы – азамат екенін біз сонда бағамдадық.Зынданда
жалғыз шынайы ақын секілді жан-жағынан титтей көмек болмай, далада қалған жазушылар одағының облыстық бөлімшесі қәзір, Аллаға шүкір, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Кейін Махаңның орнында мен қалдым. Мен
де өнердің, жазушылықтың киесіне, аш қалсақ та сол киенің, бәрібір, тығырықтан алып шығатынына сенетінмін. Өнер деген киенің бір қонған жері – Түлкібасы болса, шынайы болмысы ерен көркемсөз шебері Мархабат Байғұт екен-ау.


* * *


Біздің екінші баратын жеріміз – Кемербастау болды. Кемербастау Түлкібас өңірінің кереметтер тоқайласқан, жердегі жұмақтың нағыз өзі. Бұл жақтың суы да, ауасы да, жемісі де, шөбі де, топырағы да тап-таза. Бұл жердің адамдары да табиғаты секілді балаша сенгіш, аңқаулау. Бірақ шетінен
оқығандау, заңқойлау болып келетіні және бар. Бұл ауыл Тұрар Рысқұловтың бабалары мекендеген, Бауржан Момышұлы мен бүгінгі Шерхан Мұртаза секілді марқасқалардың ауылы. Санамалай берсек, бұл ауылдан нешеме маңдайы кере қарыс қасқалар шыққан. Бірінен кейін бірі шығып сөйлеген ел адамдары мен жастар, оқушылар Махаң шығармасынан үзінділер оқып, ауыл өнерпаздары өздерінің өнерін сыйлайды. Жазушы ел алдында есеп берді. Көпшілікке қарап сөйлеген Дархан Мыңбай Мархабат ағамыздың бойындағы қазақылыққа,ауыл тіршілігінің қыр-сырын тамаша меңгергендігіне көңіл бөлді. Сәрсенбек жазушыға арнаған өлеңдерін сызылтып оқыды. Қайда жүрсе де ауылды жырлап келе жатқан жазушының халқымыздың бойындағы
тамаша қасиеттерді сол күйі мөлдіретіп суреттейтіні соншалық, оның шығармасын оқып отырған адамның өзі де жазушы суреттеген ауылдың ішінде жүргендей болатыны анық. Бұл - таза шындық. Бекзаттықты да, дег-
дарлықтықты да ауылдан іздеген жазушы оның шын мәнісінде ауылдан шығатынын тамсана жазып келеді. Тіпті біз секілді кейде бірнемені бүлдіріп
алатын інілеріне де қатал айтып тастайтын. Қалай болғанда, салт- дәстүрімізді, тілімізді, ділімізді сақтауды, келешекке таза апаруды көксейтін жазушы барлық шығармасында осыны әдіптейді.
Біздің журналдың техникалық редакторы Ибраһим Әлімов деген жігіт бола-
тын.Ол өзі баспахана ісін тамаша меңгерген, білмейтін пәлесі жоқ, іскер. Бір күні Махаңның екінші қабаттағы кең бөлмесінде түстік ас ішіп отырдық.
Қутыңдаған Ибраһим шай құйып,кеселерді ұзатып отырған. Әлден уақытта
Махаңның Ибраһимге кейіген дауысы шықты. Бәріміз де жалт қарадық. Ибраһим қып-қызыл болып кетіпті. Әбден қызартып алған соң барып, Махаң жайымен түсіндіріп жатты:
Ибраһим, нан – ас атаулының атасы. Қилы-қилы заман болғанда бір үзім нанға зар болған ата-бабаларымыз бізге нанды бір қолымен қалай болса солай үзіп жеуді үйретпеген. Нанды қәдірлеу керек. Жейсің бе, екі қолыңмен
алып, сындырып же. Бұдан былай нанды рәсуалап, бір қолыңмен үзгенді қой. Бұл – кесепаттық! – деді.
Ол жазушыдан кешірім сұрады. Ал Махаң болса:
-Менен емес, Наннан кешірім сұра! – деді.
Ибраһим өзі жұлмалап жеп отырған нанын алып, маңдайына қойып тәу етіп жатты.
Мархабат Байғұт барлығымыздың да тамаша ұзтазымыз болды. Ол кісі ортамызда отырғанда басы артық бірдемені шығарып қоймауға тырысып, тым әдепті бола қалатынбыз. Ақыры біздер әдептілікті де үйрендік. Сөйтсек,
Мархабат Байғұт әдептілікті айналасындағыбізге ғана емес, бүкіл оқырмандарына, еліне үйретіп жүріпті. Жазушы – халықтың ұзтазы деген осы. Мархабат Байғұт елдің ұзтазына айналған қаламгер екеніне Кемербастауда қайтара көз жеткердім.
Аудан әкімі бастаған Кемербастау елі бізді шығарып салды. Төртеуміз
мәшинеге жайғасып, әркім өз ойымен әлек келе жаттық. Дархан Мыңбайдың әзіл-әңгімелері, елдің жазушыларға деген құрметі ойымыздан кетпей қойды. Анда-санда Амантұр ағамыз Дарханның әңгімелерін тамсана қайталап, бізге ұғындырып, өзі де қайран қалып келе жатты.Ал, қасымдағы Сәрсенбек бас шайқағаннан әріге бармады.
Мархабат Байғұтқа арнаған бір өлеңімнің соңғы шумағын есіме алдым:

Өртеніп айналғанша жүрек күлге,
Деп едім сәуле шашсам түнек түнге.
Бұл күнде баяны жоқ, азабы мол,
Ақын болам деп, сірә,тілеппін бе ?!

Түлкібаста болған осы кездесуден кейін мен ақын болғанымды соншалық-
ты мақтаныш етіп, кеудеме өзгеше оттың жалыны алаулап түрленіп, түлеп қайттым.

«Шамшырақ»,№ 42 – 43, 2005 жылғы 27 – мамыр


Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА,
Қазақстанның халық ақыны


ЕРКЕЛЕЙ БЕР, ЕР МАҚА...

Таң асырып күнде өзін баптанатын секілді,
Күлкісі мен ниетін атқаратын секілді.
Мынау әлем, мынау күн Мархабатпен марқайып,
Мархабатсыз дүние бос қалатын секілді.

Баласына Алаштың олжа салған Ақтабан,
Өзі жайлы үндемей, өзге жайлы мақтаған.
Жымың етсе жүзіне қызыл арай ду етіп,
Алла берген ұятын уыз күйде сақтаған.

Сөз сиқыры құбылып, қыз жүректі жаулады,
Есті үйіріп, бишінің етегіндей аунады.
Сені берген Құдайға құлшылық қып мүлгіп тұр.
Сәлделері салбырап Түлкібастың таулары.

Жұпар исі аңқыған жемісін жеп жұмақтың,
Жалаң аяқ жүгіріп, суын іштің бұлақтың.
Аспанменен таласқан асқар шыңға байланған,
Жеті жасар күніңнен жетелеген мұрат бұл.

Тереңдерді тербетіп, тілге шабыт төгетін,
Ақиқаттың сырларын іздесе анық көретін.
Жамағатын ұйытқан жазушы да шипагер,
Кіреукелі көңілге кірне салып беретін.

Жанымызды жегенде түрпідей боп егеу мұң,
Сен білесің әдісін рахатқа бөлеудің.
Ыздыйып кеп қолыңа тілдей қағаз қыстырып,
Ханбибімен айтысқа танытасың емеурін.

Қыран-топан шығады қан сорпамыз,
Өзіңменен әр кезде бақытты, бай ортамыз.
Жетпейді-ау деп құшағы өзіміз-ақ құшуға,
Қылдай белің үзіліп кете ме деп қорқамыз.

Алты тарау жол дейді алпысыңда абайла,
Иман нұры шалқыған шақыра ма сарайға.
Ғұламалар жығылған құбыланы қалай ма,
Сақалсыздың барлығын бозбалаға санай ма?

Жетпіс, сексен, тоқсанды тойлауды да нәсіп қыл,
Қызығыңыа тоймасын қызғалдағын шашып қыр.
Кемеліне толды-ай деп, діттегені болды-ай деп,
Қалың елің қуанып құшағыңа басып түр.
Еркелеп қал, Ер Маха... көзіңді жұм, ашып бір,
Тағы жазып жұртыңды, оқығанша асықтыр!


 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу