Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

Дәл қазір қоғамыңызда қараулық, адамыңызда қорқаулық қабынған, қарама-қайшылықтар асқынған, қайбір жақтары шарықтай шығандағанымен, кейбір жақтарын қарадүрсіндік қабыздап, ахлақ азғындаған, сана сансыраған мына заманда дін қайраткерлеріне де, қай-қай саланың зиялыларына да ең алдымен ағартушылық парыз басымырақ жүктеліп тұр. Жауапкершілікті жиырмасыншы ғасыр басындағы ағартушылар қалай арқаласа, жиырма бірінші ғасыр басындағылар да тап солай арқалауы тиіс еді. Бірақ, әрине, екі кезеңнің, екі ғасырдың табиғаты мен талабы да, мінезі мен міндеті де бөлек-бөлек, басқа-басқа. Осынау тұрғыдан түптеп түсінушілік және соған сәйкес әрекет жасамақ жағы да кемшін соғып жатқаны және рас.

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу