Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

01 желтоқсан 2014

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ,достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін белгілі қаламгер Мархабат Байғұт «Парасат» орденімен марапатталды. Құттықтаймыз.

16 желтоқсан 2011

Бірқатар журналистер мен қаламгерлер қатарында Мархабат Байғұт аға да «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен марапатталды. Жазушыны ел егемендігінің баянды болуына қосқан үлесі жоғары бағаланып, алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

29 қараша 2011

Аудан басшылары мен мәслихат депутаттарының шешімімен Мархабат Байғұт Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

01 қыркүйек 2011

М. Байғұт Шаян ауылында ардагер журналист, ОҚО Құрметті азаматы Б. Қонысбектің 70 жылдығына орай өткен  кешті жүргізді. Мәдениет Үйінде өткен кешке мерейгер, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы Б. Тәжібай, «Қазақстан -Шымкент» телеарнасының басшысы Ғ. Омарханов, аудан әкімі Р. Жолдас, т.б. қонақтар қатысты.

01 қыркүйек 2011

Мақтаарал Мәдениет Үйінің халық театры М. Байғұттың жаңа пьесасын сахналау үстінде. Режиссер Рабиға Бисебаева дайындап жатқан пьеса жаңа театр маусымында көрерменге ұсынылады.

30 тамыз 2011

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 400 санында «Әріптес туралы әңгіме» айдарымен М. Байғұттың «Алтын арқалаған азамат» атты мақаласы жарық көрді. Мақала көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Байдулла Қонысбектің асқаралы 60 жасқа толуына орай жазылған.

01 тамыз 2011

Төлеби ауданында, Алатаудың баурайында ел ақсақалдарының, зиялылардың, аудан – қала, басқарма басшыларының басын қосқан «Ырыс алды - ынтымақ» атты форум өтті. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында жастар саясаты тақырыбында ұйымдастырылған форумды М. Байғұт жүргізіп отырды. Форумды облыс әкімі А. Мырзахметов келелі баяндамамен ашты.

21 шілде 2011

«Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі № 27 санында М. Байғұттың «Шымкент шыли фестивалшіл емес пе?» атты талдау мақаласы жарық көрді. Мақалада жазушы «Театр көктемі – 2011» фестивалі туралы ой – пікір білдірген.

22 маусым 2011

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 264 – 265 санында М. Байғұттың «Қазыналы Құрлық қаласы: ежелгі қала туралы» атты мақаласы жарық көрді.

18 мамыр 2011

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі №202-205 санында М. Байғұттың «Хирург хикаясы» атты деректі хикаяты және көрнекті әртіс Сәбит Оразбаев туралы «Сахна саңлағының самғауы» атты мақаласы басылды.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу