Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

21 желтоқсан 2007

Сайрам ауданындағы Д. Нұрпейісова атындағы №9 орта мектепте «Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дамуының бастауы» тақырыбында аудандық семинар болды. Аудандағы 20-шақты мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен оқушылар семинар аясында жазушы М. Байғұтпен кездесті. Оқушылар қаламгердің «Интернаттың баласы», «Қозапая», «Киікоты» сияқты шығармаларын талдап, өздеріне әсер еткен тұстарын баяндады.Ұстаздар жазушының «республикалық, облыстық газеттерде жиі жарияланатын, қоғамдық пікір тудыратын, проблема көтерген мақалалары» туралы пікір алысты. Кездесуді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнәр Ибрагимова ұйымдастырды.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу