Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

27 мамыр 2005

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Түлкібас ауданының құрметті азаматы М. Байғұттың мерейтойы туған жері Пістеліден басталды. Жер жәннаты Түлкібастың табиғаты тамылжып, мерейтой иесін құшағына алды. Аудан жұртшылығының қошемет, құрметі тасып, төгіліп жатыр.
Одан ары мереке аудан орталығындағы үлкен кездесуге ұласты. Онда Түлкібас ауданының әкімі, қарымды қаламгер Дархан Мыңбай баяндама жасады. Жазушыға тарту етіп, Мыңбай «Киікоты» атты бір ғана әңгімесін жеке кітапша етіп шығарыпты, көлемі қойын дәптердей, кез келген қалтаңызға сиып кетеді. Сондай-ақ, жаңғақ ағашынан жазу столын жасатқан екен. Осы стол бетіне қаламгерлер қолтаңбаларын қалдырды. Жазушының өзі оқыған Абай атындағы орта мектептің оқушылары арнау өлеңдер оқыды. Байғұт шығармашылық байқауда жүлделі орын алған 10 оқушыға сыйлықтар табыс етті. Облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаев сөз сөйлеп құттықтады. Қаламгердің туған жерінде кезінде өзі істеген аудандық «Шамшырақ» газетінде жерлестері мақтан тұтқан жазушының құрметіне тұрақты «Мархабат» қосымшасын шығарды. Оның алғашқы саны жарық көрді. Онда жазушының туған жері, елі, ауылы, мектебі туралы жазған шығармаларының кейіпкерлерімен интервью берілді.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу