Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

28 мамыр 2005

Тойдың жалғасы Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ сазды драма театрында өтті, мұндағы салтанатты мерекелік кеш өте қызық өтті. Кешті белгілі жазушы, журналист, «Ордабасы оттары» атты Ордабасы ауданы газетінің бас редакторы Н. Бегалиев жүргізіп отырды.
Кешке Д. Исабеков, Ш. Мұртаза, Б. Нұржекеев, Сайлаубек Жұмабеков, Көпен Әмірбек, Ташкенттен Ғафур Ғұлам атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР-сы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері Насыр Фазыл, Өзбекстан Жазушылар одағы қазақ әдебиеті жөніндегі бөлімінің жетекшісі Қалдыбек Сейданов, Қарақалпақстаннан «Қарақалпақфильм» студиясының директоры Мұратбай Нызанов, Жамбыл облысынан белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов, осы облыстың ішкі саясат департаментінің директоры Берік Мақсатов, «Азат» радиосының Прагадағы қазақ бөлімінің редакторы Нұрлытай Үркімбаева, «Жас алаш» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Әмірхан Меңдеке, ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының сектор меңгерушісі Жанәділ Мақанов, тағы басқалар қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Ш. Мұртаза өзі де толқып, көрермендердің де көңілін тербеп тебірене сөйледі.
Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков баяндама жасады. Мұнан соң облыс әкімі Б. Жылқышиев сөз сөйлеп, мерейтой иесіне иығына шапан жапты, сый-сияпат жасады, Облыстық мәслихаттың хатшысы Шалатай Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының грамотасымен марапаттап, «Алтын адам» бейнесін сыйға ұсынды.
Кеш барысында жазушының шығармалары бойынша қысқаметражды фильм көрсетіліп, жазушы шығармаларынан студент жастар үзінді оқып, театр әртістері қысқаша көріністер көрсетті.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу