Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

16 маусым 2010

Бүгін облыстық жасөспірімдер кітапханасында жазушы М. Байғұттың 65 жылдығына орай «Қара сөздің  хас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кездесу кеші өтті. Кешке Мархабат Байғұт, жұбайы Қыздаркүл,  М. Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, жазушы туралы көптеген мақалалардың авторы Нариман Нұрпейісұлы, жазушы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Шойбек Орынбай, «Облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында» білім көтеру курстарында оқып жүрген облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Жиналған қауым жазушы Мархабат Байғұттың   шығармашылығы, әсіресе, соңғы шыққан «Салқын масақ», «Оқу залы» кітаптары бойынша пікір-алысып, әдеби талқылау өткізілді. Кеш соңында М. Байғұттың биыл ашылғанына бес жыл толып отырған  «Туған жердің түлегі» атты – baigut-uko.kz веб-сайтының таныстырылымы өтті.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу