Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

26 мамыр 2008

Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Мархабат Байғұт 25 мамыр күні 63-ке толып, зейнеткерлікке шықты. Бірақ жазушының өзі ілгеріде «тірімізде – тілімізге, тіршілікте – тілшілікке аянбай қызмет етеміз» дегендей, зейнеткерлікке шыққанымен, жазбагеріміз қаламын тастамайды. Енді М. Байғұт республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік өңірдегі (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары бойынша) арнаулы тілшісі қызметіне кірісті. Сондай-ақ, «Қазығұрт - кz» алманағынан да жазушының көркем шығармалары мен мақалаларын оқитын боламыз.
Мархабат ағамызды пайғамбар жасына келуімен, құрметті атағымен, жаңа қызметімен, адал еңбегінің зейнетімен барлық оқырмандар атынан шын жүректен құттықтаймыз! «Жас алаш» газеті жазғандай «үлкен рухани тұғырға, үлкен рухани тірекке айналған» М. Байғұтқа деніне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, баянды бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз! Жазушы қаламынан талай тың дүниелерді, «балаларды баурап, жастарды жаулап алар», ересектерді ойға қалдырар шығармаларды күтеміз.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу