Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

02 ақпан 2006

Облыстық Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Қ. Тұлғаевтың өтініші бойынша М. Байғұт ауған соғысы туралы пьеса жазып бітірді. «Ауғанстан қасіреті» деп аталған екі бөлімді драма ауған соғысында мерт болған қазақстандық солдаттардың рухына арналды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына биыл 17 жыл толып отыр.
«Оңтүстік» баспасөз клубында осы пьесаны театрларға қойып тарату жөнінде тиісті ұйым уәкілдерімен әңгіме болды. Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының директоры Қ. Бердияр театр сахнасында соғыс тақырыбы қамтылған көптеген спектакльдер қойылғанын айтып өтті. Дегенмен, ауған соғысы жөнінде қойылымның сәті түспеген екен. Қазір театрдың шығармашылық ұжымы аталмыш пьесаны оқып, танысу үстінде. Мұнан соң көркемдік кеңес отырысында арнайы қаралмақ. Онда «қойылым керек екен» деген ұсыныс түссе, жоспарға енгізілмек. Алдын ала пьесамен танысып шыққан бірқатар журналистер баспасөз мәслихатында туындының табиғи да шынайы шыққанын әңгімелеп, өз пікірлерін білдірді. Жалпы, ауған соғысы жайлы туындылар өте аз, сондықтан да, бұл еңбектің маңызы жа жоғары.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу