Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

05 қазан 2005

М. Байғұт басқарған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен облыстық ішкі саясат департаментінің бастауымен «Салт-дәстүрлік рәсімдер, тұрмыстық түрлі шаралар және тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

21 қыркүйек 2005

Бүгін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында «Ана тілі және отбасы» жобасын іске асырудағы жастардың ролі» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.
Мәтінді толық оқу

05 қыркүйек 2005

М. Байғұт облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы екені белгілі. Ол осы бағытта да қажырлы еңбек етіп, тіліміздің қолдану аясын кеңейту жолында жұмыс істеп келе жатыр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында М.Байғұт басқарған Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері күні қарсаңында «Ана тілі және отбасы» атты жоба дайындап, көпшіліктің назарына ұсынды.
Мәтінді толық оқу

05 қыркүйек 2005

Қалың оқырман асыға күткен жазушының 4-томдық шығармалар жинағына қолы жетті. Жинақ Алматы қаласында «Қазығұрт» баспасында жарық көрді. Онда жазушының әңгімелері, повестері, әр жылдары жазылған публицистикалық дүниелері, әдеби-сын мақалалары, елдік мінберінен тебіренген ой-талғамдары, Ш. Айтматовтың эссесінен жасаған еркін тәржімесі, жолжазбалары, т.б. енгізілді. Кітаптар негізінен Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларға, сондай-ақ бірқатар мектептерге таратылды.

28 мамыр 2005

«Егемен Қазақстан» газетінің 2005 жылғы 28 мамырдағы санында жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің прозашы Мархабат Байғұт туралы «Ойы ұшқыр, қаламы үшкір жазушы» деген көлемді мақаласы жарияланды. «Мархабаттың басқалардан артықшылығы ― ол өз кейіпкерлерінің қалың ортасынан алыстаған емес», ― дейді Дулат Исабеков өз мақаласында.

28 мамыр 2005

Тойдың жалғасы Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ сазды драма театрында өтті, мұндағы салтанатты мерекелік кеш өте қызық өтті. Кешті белгілі жазушы, журналист, «Ордабасы оттары» атты Ордабасы ауданы газетінің бас редакторы Н. Бегалиев жүргізіп отырды.
Мәтінді толық оқу

27 мамыр 2005

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Түлкібас ауданының құрметті азаматы М. Байғұттың мерейтойы туған жері Пістеліден басталды. Жер жәннаты Түлкібастың табиғаты тамылжып, мерейтой иесін құшағына алды. Аудан жұртшылығының қошемет, құрметі тасып, төгіліп жатыр.
Мәтінді толық оқу

26 мамыр 2005

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 26 мамыр күнгі санында Мархабат Байғұт шығармашылығы туралы белгілі ақын Нармахан Бегалыұлының «Қазақы құнар», жазушы Есқара Тоқтасынұлының «Күдірең дүние» атты мақалалары жарияланды.

25 мамыр 2005

«Егемен Қазақстан» газетінің 2005 жылғы 25 мамыр күнгі санында «Роман жазбайтын жазушы» деген атпен газет тілшісі Бақтияр Тайжанның жазушы Мархабат Байғұтпен сұхбаты жарық көрді.

25 мамыр 2005

«Жалын» журналының 5-нөмірінде белгілі, білімпаз сыншы Сайлаубек Жұмабектің «Менің Мархабатым» атты көлемді мақаласы жарық көрді. «Суреткерді әрбір оқырманның «Менің Мархабатым» деп меншіктеуіне, мақтануына әбден болады деп білеміз», деп жазады автор

25 мамыр 2005

«Қазақ оқырманы классик санаған М. Байғұттың» мерейтойына құттықтаулар легі толастамауда. Бүгін Алматыдан халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлі мен Көпен Әмір-Бектен жылы құттықтау сөздермен жеделхат келді.

20 мамыр 2005

Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде «Қаламыма қанат біткендей сезінетінім рас» деген тақырыппен белгілі сатирик Көпен Әмірбектің жазушы Мархабат Байғұтпен сұхбаты жарияланды.

20 мамыр 2005

Облыстық жасөспірімдер кітапханасында М. Байғұттың 60 жылдығына орай кездесу кеші өтті. Кешті облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Нұралиева Күләйім Сүлейменқызы ашты. М. Байғұттың өзі шақырылған кеш барысында «Туған жердің түлегі» атты қазақ тіліндегі веб-сайттың тұсаукесер рәсімі өтті. Сайт «Бастапқы бет», «Өмірдерек», «Бір ауыз сөз», «Жаңалықтар», «Библиография», «Қаламгер хақында» атты сілтемелерден тұрады. Болашақта жазушының әңгімелерінің тұтас мәтінін енгізу жоспарда бар, оған автор келісімін берді.
Мәтінді толық оқу

20 мамыр 2005

Мамырдың 20 жұлдызында (2005 жылы) Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Мақамы бөлек Мархабат» атты кездесу кеші және қаламгерге арналған сайттың тұсаукесері өтеді.

16 мамыр 2005

Қаламгердің 60 жылдығына арналған тойдың үлкені облыстық Ж. Шанин атындағы сазды драма театрында өтеді деп күтілуде.

12 мамыр 2005

2005 жылғы 12 мамырда Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапханада М. Байғұттың шығармашылығына арналған «Сезімнің нәзік күйін шерткен» атты оқырмандар конференциясы болды. Оған Нармахан Бегелыұлы, Шойбек Орынбай, Байдулла Қонысбек, Әбділда Аймақ, Сәрсенбек Сахабат, Жәмила Мамырәлі сынды қаламгерлер де қатысты.
Мәтінді толық оқу

15 сәуір 2005

2005 жылғы сәуірде Пушкин атындағы облыстық кітапханада жазушының 60 жасқа толуы қарсаңында оқырмандар конференциясы өткізілді. Онда қала тұрғындары, жастар, студенттер, зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді. Конференцияға белгілі қаламгер Нармахан Бегелыұлы, Керімбек Сыздықұлы, Сәрсенбек Сахабат, Сабырбек Олжабай, тағы басқалар қатысты.

20 наурыз 2005

Мархабат Байғұттың 60 жасқа толуына орай белгілі қаламгер, «Ордабасы оттары» аудандық газетінің бас редакторы Нармахан Бегалиев «Махаббат мақам Мархабат» атты («Ордабасы» баспасы, 2005 ж.) кітабын өз қаржысына шығарып тарту етті.

20 наурыз 2005

2005 жылғы наурыз айында Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты филология факультетінің екінші курс студенттері жазушы Мархабат Байғұт шығармалары бойынша сырласу сағатын өткізді. Оған профессор Керімбек Сыздықұлы қатысты.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу