Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

28 желтоқсан 2006

М. Байғұт басқарған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен ҚР-сы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Оған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлері – М. Міразов, М. Жұмаділов, Н. Кенжебеков, М. Шекербеков, Р. Ермекова, З. Естаева, М. Малдыбаева, т.б. қонақтар қатысты. Дөңгелек үстел мәжілісінде ана тіліміздің бүгіні мен болашағы, қазіргі қазақ тілінің жағдайы жөнінде және оны жақсартуға байланысты түрлі ой-пікірлер айтылды.

28 желтоқсан 2006

М. Байғұт басқарған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі» мен «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәндерін оқыту : нәтижелер мен ізденістер» атты ғылыми іс-жүзіндік конференцияға облыстық білім департаменті мен Шымкент қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері, орыстілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар, жалпы тіл жанашырлары жиналды.

28 желтоқсан 2006

«Егемен Қазақстан» газетінің № 322 нөмірінде М. Байғұттың «Көктем де Оңтүстіктен басталады» атты мақаласы жарық көрді. Онда автор Шымкеттегі АҚТВ/ЖҚТБ-ға байланысты оңтүстік өңірінің соңғы кездегі имиджі мен жағдайына тоқталды.

05 желтоқсан 2006

Облыстық қазақ сазды драма театрында М. Байғұттың Ауған соғысы туралы «Бозторғайдың ұясы» атты пьесасы қойылды.
Мәтінді толық оқу

30 қараша 2006

М. Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» пьесасы «Шымкент» университеті студенттерінің күшімен қойылды. Басты рөлді – Жұрнақ бейнесін «Шымкент» университетінің ІІІ курс студенті, облыстық жасөспірімдер кітапханасы жанындағы «Жас өркен» шығармашыл жастар клубының төрағасы Қанат Келдебеков сомдады. Пьеса өте әсерлі өтті. Премьераға автор М. Байғұт және көптеген қонақтар қатысты. Бұл шара Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына, Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналды.

12 қараша 2006

Шымкенттегі «Жебе» баспа үйінен М. Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» атты шағын кітапшасы жарық көрді. Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған бұл жинаққа мұнан өзге екі әңгіме енген.

12 қараша 2006

М. Байғұт жас жазушы З. Жантасованың тұңғыш жинағының тұсаукесер кешіне қатысып, Н. Бегалыұлының меценаттығымен «Ордабасы» баспасынан шыққан «Сағыныш» атты бұл кітаптың алғы сөзін жазып, қаламгерге ақ жол тіледі.

07 қазан 2006

М. Байғұт «Шымкент келбеті» газетінің журналистері Ж. Жүнісқұлова мен Е. Бекқұловты қабылдап, олармен сұхбаттасты.

28 мамыр 2006

Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасына сәйкес Түркістанда «Салт-дәстүрлік рәсімдер, тұрмыстық түрлі шаралар және тіл мәдениеті» атты өңірлік семинар болып өтті. ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы М. Байғұт «Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті арқылы салт-дәстүрлік рәсімдер мен тұрмыстық түрлі шараларды жетілдірудің маңызы хақында» баяндама жасады.

26 мамыр 2006

М. Байғұт басқарған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың және Өзбек қоғамды бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығы, облыстық білім департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді білу – парызың!» атты байқау өткізілді. Оған аудандық және қалалық байқаулардың жеңімпазы атанған өзбек мектептерінің 16 оқушысы қатысты. Байқау жеңімпаздарына Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, және Қазақстан халықтары достығы университетінің 5 гранты тапсырылды.

25 мамыр 2006

Облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын Х. Есенқараеваның «Өмірге ғашық жүрекпен...» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке М. Байғұт қатысып, үзеңгілес ақын қыз туралы әңгімеледі.

05 мамыр 2006

М. Байғұт басқарған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың және облыстық білім департаментінің ұйымдастыруымен «Мен көп тілді білемін» атты сайыс өткізілді. Оның мақсаты – облысымыздың аудандары мен қалаларындағы мектеп оқушыларының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне атсалысу.

22 сәуір 2006

М. Байғұт басқарған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау болып өтті. Оған тоғыз ЖОО-ның студенттері қатысты. Сан алуан ұлт пен ұлыстың өкілдері мемлекеттік тілде сахналық көрініс, іс-қағаздарын әзірлеу, қазақша ән айту, өлең оқу бойынша өзара бәсекеге түсті. Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының «Бәйтерек» тобы (М. Умрихина, Е. Шостак, С. Садвакасова) Бас жүлдені жеңіп алды.

18 сәуір 2006

Облыстық жасөспірімдер кітапханасында белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері О. Сүлейменовтың 70 жылдығына орай «Ақын және азамат» - «Поэт и гражданин» атты поэзия кеші өтті. Кешке М. Байғұт қатысып, мерейтой иесі туралы сыр шертті.

18 наурыз 2006

Оңтүстікте тағы да бір бас басылым дүниеге келді. Ол «Тіл және дәстүр» атты республикалық ақпараттық-танымдық газет. Газеттің ақылдастар алқасының мүшесі болған М. Байғұт газеттің алғашқы нөмірінің бірінші бетіне «Тілі мен дәстүрін кие тұтқан ұлт қана ұлы бола алады. ...Түрлі-түрлі жағдайларға байланысты өз тіліне өгейленгендер мен дәстүріне кедейленгендер де аз емес әрине. «Тіл мен дәстүр» газеті әсіресе сондайларды бері тарту жағына көбірек көңіл бөлсе дер едік»- деп алғысөз жазып, балапан басылымға сәттілік тіледі.

15 наурыз 2006

Сайрам ауданындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №54 көп салалы мектеп-гимназиясы Мархабат Байғұт шығармашылығына арналған қызықты бас қосу өткізді. Оған мектептің ұстаздар ұжымы, жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ осындағы арнайы семинарға жиналған аудан мектептері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

05 ақпан 2006

М. Байғұт Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуынгың 17 жылдығына орай Пушкин кітапханасында өткен «Ерлікке - тағзым» атты әдеби-сазды кездесу кешіне қатысты.

02 ақпан 2006

Облыстық Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Қ. Тұлғаевтың өтініші бойынша М. Байғұт ауған соғысы туралы пьеса жазып бітірді. «Ауғанстан қасіреті» деп аталған екі бөлімді драма ауған соғысында мерт болған қазақстандық солдаттардың рухына арналды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына биыл 17 жыл толып отыр.
Мәтінді толық оқу

25 қаңтар 2006

Түлкібас ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте Мархабат Байғұт шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді. Оған жазушымен бірге жергілікті ақын Әбдібек Аралбайұлы қатысты.

18 қаңтар 2006

Бұл күні Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық университетте жазушы Мархабат Байғұтпен кездесу кеші болды. Онда студенттер қаламгердің «Сізді сүйген қыз едім» атты шығармасы бойынша қойылым көрсетті, қызықты пікірлесу өтті. Әдеби кешке белгілі қаламгерлер Керімбек Сыздықұлы, Нармахан Бегалыұлы қатысты.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу