Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

28 желтоқсан 2007

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бүгінгі №52 санында Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мемлекеттік тілді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің бастығы Қ. Дүйсенбидің «Көрнекі ақпарат көз қуантады» мақаласы жарық көрді.

28 желтоқсан 2007

«Шымкент келбеті» газетінің бүгінгі №52 санында «Облыстың құрметті азаматы» атағын алуына орай М. Байғұтпен тілші Е. Ерментаевтың сұхбаты жарияланды.

21 желтоқсан 2007

Сайрам ауданындағы Д. Нұрпейісова атындағы №9 орта мектепте «Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дамуының бастауы» тақырыбында аудандық семинар болды.
Мәтінді толық оқу

14 желтоқсан 2007

«Шымкент келбеті» газетінің бүгінгі № 50-51 санында облыстық ономастика комиссиясының хатшысы Қ. Дүйсенбінің «Ауылына қарап азаматын таны немесе жаңарған Кентаудың көше атаулары да жаңаруы тиіс» атты мақаласы басылды.

13 желтоқсан 2007

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының шешімі бойынша Мархабат Байғұт «Облыстың құрметті азаматы» атанды. Қазақ елі, жері, тілі, әдебиеті үшін үлкен еңбек сіңірген Мархабат ағамыздың құрметті атағы құтты болсын! Барлық оқырмандары атынан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

12 желтоқсан 2007

Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Шет тілдерін оқытып-үйретудің қазіргі ахуалы» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі болып өтті.

12 желтоқсан 2007

Таяуда Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыста таралатын газет-журнал редакциялары арасында «Ең сауатты басылым» байқауын ұйымдастырған болатын. Бүгін БАҚ өкілдерімен семинар-кеңесте аталмыш байқау қорытындыланды. Жалпы облысымызда 333-ге тарта газеттер жарық көрсе, байқауға 27 басылым ғана атсалысыпты. Басқарма бастығы М. Байғұт жүргізген кеңесте БАҚ сауатындағы кемшіліктер, қателер, т.б. туралы пікір алысу өтіп, бірнеше баяндамалар тыңдалды.

12 желтоқсан 2007

Шымкенттегі Халықаралық техникалық университетінде «Желтоқсан және ұлттық рух» атты кеш өтті. Осы іс-шара аясында «Мұң-мизамды сағыныш» деген тақырыппен М. Байғұттың шығармашылығы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Оқырмандар жазушының шығармалары жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кешке қаламгерлер С. Сахабат, Ш. Орынбай, З. Қыстаубайұлы қатысты.

04 желтоқсан 2007

«Егемен Қазақстан» газетінің № 374-375 санында М. Байғұттың «Бәрекелді, би болдың!» атты мақаласы басылды. Мақала Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге сайлануына орай қаламгер толғанысы турасында.
Мәтінді толық оқу

01 желтоқсан 2007

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім бастығы Ә. Құдайбергеннің «Әр нәрсенің жүйесі мен жөні бар немесе журналист, тілші қауымның назарына» мақаласы жарық көрді. Мақалада Шымкенттегі жарнама, маңдайша, жалпы көрнекі ақпарат жазулары жөніндегі талаптың қыр-сыры туралы, Басқарманың мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі пәрмені, заңнамалық мүмкіндіктері әңгімеленеді.

15 қараша 2007

М. Байғұт жазушы Т. Әбдіктің «Парасат майданы» повесінің талқылауына қатысты. Аталмыш басқосу Яссауи атындағы ХҚТУ-да өтті. Оған қаламыздың бірқатар оқу орындарының студенттері де қатысты.

13 қараша 2007

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бүгінгі №174 санында М. Байғұттың «Сауытбектің сабақтары» атты мақаласы жарық көрді. Мақала С. Абдрахмановтың «ВЕР БАНА АТ»: Пушкинтану сабақтары» атты 2006 жылы «Елорда» баспасынан шыққан кітабы туралы. Аталмыш мақала «Қазақ әдебиетінің» №46 санында да басылды.

06 қараша 2007

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бүгінгі № 170 санында М. Байғұттың «Бас бағдарлама басымдық беріп тұр» мақаласы жарық көрді. Мақала «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасындағы тіл саясатының мазмұнын ашады.

23 қазан 2007

Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы «Тілдердің үштұғырлылығы» туралы міндетін іске асыру мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Полиглот» байқауын өткізді. Конкурсқа өңіріміздегі жоғары оқу орындарынан сегіз студент қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Д. Мыңбай қатысқан дүбірлі сайыста ОҚМУ-дың студенті Д. Мейірбекова 1 орынды, «Отырар» институтының студенті М. Қалқоджаев 2 орынды, Түркістан гуманитарлық бизнес институтының студенті Ә. Абдуллаев 3 орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тілдерді дамыту басқармасы тарапынан диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

19 қазан 2007

«Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі № 42 санында ОҚО Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Қабыл Дүйсенбидің «Шымкент-Палас» қай көпшіліктің қалауы» сын мақаласы жарық көрді. Автор Шымкенттегі маңдайшалар мен жарнамалардағы кемшіліктер тақырыбын жалғастырады. Газеттің осы санында, сондай-ақ, М. Байғұттың белгілі сыншы Сайлаубек Жұмабектың және оның ұлы Санжарбектің қайғылы қазасына көңіл айтқан «Көркемдіктің күйшісі» атты мақаласы басылды.

16 қазан 2007

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 323-324 санында М. Байғұттың «Бәрімізге ортақ Елорда» атты Астана туралы толғауы жарық көрді.

13 қазан 2007

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бүгінгі №158-159 санында «Қайран Ордабасыға көзқарас қалай?» сауалнамасына жазушылар Д. Исабеков, М. Байғұт және ақын Н. Бегалиев жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.

30 қыркүйек 2007

«Жұлдыз» журналының 9 санында М. Байғұттың «Тоғызыншы сынып» атты хикаяты жарық көрді.

29 қыркүйек 2007

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 308 санында М. Байғұттың «Немқұрайдылық дендеп бара ма?» атты мақаласы жарық көрді. Онда автор «Бір ел – бір кітап» акциясының өту деңгейі жайлы әңгімелейді.

28 қыркүйек 2007

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 306-307 санында М. Байғұттың «Банктің иттері» атты әңгімесі жарық көрді.

 1 234>>>

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу