Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

16 желтоқсан 2008

Қазығұрт аудандық Мәдениет Үйінің халық театры М. Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» атты әңгімесін сахналады. Спектакльге автор және біраз қонақтар  қатысты.
Мәтінді толық оқу

11 желтоқсан 2008

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің  № 186 санында журналист Ү. Алтаеваның  тұрақты «Бізден де өткен албырт шақ» айдарының қонағы М. Байғұт болды. Сұхбат нәтижесінде «Мектептегі махаббат» атты мақала басылды.

09 желтоқсан 2008

«Шұғыла» газетінің  № 23-24 санында З. Жантастың «Бозторғайдың ұясы» пьесасы: рецензия» атты мақаласы жарық көрді.

21 қараша 2008

Жазушы М. Байғұт  «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының жанында өткен «Әдебиет тоқыраса - қоғам азады» атты  дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Бұл туралы № 47 сандағы А. Мантаеваның мақаласынан оқисыз.

15 қараша 2008

Мархабат Байғұттың  «Салқын масақ» атты повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Алматыда «Жазушы» баспасында жарық көрген кітапқа оқырманға кеңінен белгілі шығармаларымен қатар «Тоғызыншы сынып», «Шибөрінің бүргесі», «Тәржіман тірлік», «Салқын масақ» атты жаңа туындылары енді.

22 шілде 2008

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі №220-221 санында М. Байғұттың «Кәсіпкер келіншектер» атты мақаласы жарық көрді. «Журналист жолда жүргенде» айдарымен берілген мақалада оңтүстік облыстарының іскер әйелдері туралы әңгімеленеді.

20 шілде 2008

М. Байғұт редакторлық жасайтын «Қазығұрт - кz» әдеби-көркем, мәдени-әлеуметтік, тарихи-танымдық алманахының алғашқы саны шықты. Астананың 10 жылдығына орай безендірілген альманахта «Алаш жолы», «Мәдени мұра», «Дін: таным және тағылым», «Қазақ әңгімесі: үш үздік», «Поэзия», «Проза», «Өнер», «Аңсар» айдарлары бойынша мақалалар, зерттеулер, көркем шығармалар берілген.  

Альманах үш айда бір рет «Ғасыр-Ш» баспасында жарық көретін болады.

15 шілде 2008

Бүгін облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Н. Әшімов М. Байғұтқа «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалін тапсырды. Жазушыны мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз.

12 шілде 2008

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі №212 санында М. Байғұттың «Дарияның арғы жағы, бергі жағы...» атты мақаласы жарық көрді. «Журналист жолда жүргенде» айдарымен берілген мақалада Қызылорда  облысы туралы әңгімеленеді.

17 маусым 2008

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі №178-179  санында М. Байғұттың «Қазақ мақтасы» атты мақаласы жарық көрді. «Журналист жолда жүргенде» айдарымен берілген мақалада мақта шаруашылығының жай-жапсары әңгімеленеді.

17 маусым 2008

Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы болып М. Байғұттың шәкірті – танымал ақын, басқарма бастығының орынбасары қызметінде болған Бақытжан Алдияр тағайындалды. Бақытжан Алдиярды қызметімен құттықтап, еңбегінің жемісті болуын тілейміз. «Тілім, тілім деп тілім-тілім болып жүрген» дарынды ақын тіліміздің өркендеуіне аянбай қызмет ететіне сенімдіміз. «Ұстаздан шәкірт озар»  дегендей, әрі ұстазы, әрі аға-досы М. Байғұттың жолын берсін.

02 маусым 2008

Облыс әкімі Нұрғали Әшімов көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш», облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығының лауреаты, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Мархабат Байғұтты зейнеткерлікке шығуына орай салтанатты қабылдау рәсімін өткізді. Нұрғали Сәдуақасұлы дәстүр бойынша қаламы қарымды қаламгердің иығына шапан жауып, символдық мәні бар сый ұсынды. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» Оңтүстік өңірдегі үш облысы бойынша арнаулы тілшісі қызметіне кірісуімен құттықтап, шығармашылық жұмысына жеміс тіледі.

26 мамыр 2008

Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Мархабат Байғұт 25 мамыр күні 63-ке толып, зейнеткерлікке шықты. Бірақ жазушының өзі ілгеріде «тірімізде – тілімізге, тіршілікте – тілшілікке аянбай қызмет етеміз» дегендей, зейнеткерлікке шыққанымен, жазбагеріміз қаламын тастамайды.

Мәтінді толық оқу

24 мамыр 2008

Оңтүстік өңіріне ғана емес, бүкіл республика оқырмандарына танымал жазушы, журналист, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Мархабат Байғұт облысымыздағы беделді оқу орындарының бірі – Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Бұл атақ М. Байғұтқа жастар тәрбиесіне байланысты жазған публицистикалық мақалалары мен жоғары оқу орындарында жүргізген «Қазақ әңгімесі: дәстүр мен жаңашылдық» атты арнайы семинар-сабақтары үшін берілді.

23 мамыр 2008

«Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі № 21 санында «Желқазық» айдарымен М. Байғұт газеттің сын туралы сауалдарына жауап берді.

20 мамыр 2008

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, облыстық білім департаменті және ҚР өзбек қоғамдық бірлестіктерінің «Достлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді білу - парызың» атты республикалық байқау болды. 17 үміткер қазақтың салт-дәстүріне байланысты, мақал-мәтелі туралы, қазақ жазушылары туралы сұрақтарға жауап беріп, бақ сынасты. Нгәтижесінде он үміткер Әуезов атындағы ОҚМУ, Яссауи атындағы ХҚТУ, ОҚММА, Халықтар Достығы уникерситетінің, Сайрам медколледжінің гранттарына ие болды.

20 мамыр 2008

Таяуда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық білім департаментінің ұйымдастыруымен облыстағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мен көп тіл білемін» атты байқау болып өтті.
Мәтінді толық оқу

19 мамыр 2008

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен облыс мектептерінің орыс, өзбек және тәжік тілді сыныптары арасында «Ең үздік жабдықталған қазақ тілі кабинеті» байқауы өткізілді.
Мәтінді толық оқу

16 мамыр 2008

«Евразия» газетінің бүгінгі № 19 санында жазушы М. Байғұттың белгілі ақын, нәзіртанушы, журналист Сәрсен Бек Сахабатпен сұхбаты жарық көрді. «Бай – баймын деп зорланса, кедей – кедеймін деп қорсынса, ол қоғам - әділетсіз» деп тақырыпталған сұхбатта жазушы қоғам тынысы, әдебиет жайлы сөз қозғайды.

12 сәуір 2008

«Мұқағали» журналының сәуір айындағы санында М. Байғұттың «Сауна» атты әңгімесі жарық көрді.

 1 23>>>

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу