Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

08 шілде 2018

Түлкібас аудандық «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің баспасөз орталығында зиялы қауым, ардагерлер, БАҚ өкілдерінің қатысуымен қос тұлға – Мекемтас Мырзахметұлы және Мархабат Байғұтпен бірге брифинг өтті. Қонақтар қатарында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мақсат Әліпхан, ХҚТУ доценті, этнограф Қазыбек Тәжиев, Құрманғали Оразбаев бар.

01 мамыр 2018

Мархабат Байғұттың «Іштарлық пен құштарлық» атты кітабы жарық көрді. Бұл хикаят-эссе - ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлына арналады.

26 қаңтар 2018

Қазақстанның мәдениетін жасауға, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін жазушы Мархабат Байғұт 2017 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік стипендиясының иегері.

12 желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндер акциясы аясындағы «Мәдениет және руханият» күнін атап өтті. Осы күні өңірімізге ғана емес, бүкіл республикамыздағы мәдениет және руханият саласына сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін елімізге белгілі жазушы Мархабат Байғұт облыс әкімінің арнайы сыйымен марапатталды.

23 желтоқсан 2015

Түркияның астанасы Анкарада – Қазақстан Республикасының елшілігінде көрнекті қаламгер Мархабат Байғұттың түрік тілінде жарық көрген “Дауыстың түсі” атты әңгімелер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Жазушының оқырмандарға белгілі шығармалары жинақталған кітапты Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қаржыландырып, Еуразия Жазушылар одағының “Бенгу” баспасында басылып шықты. Жинақты аударған ғылым докторы Эльмира Қалжанова, баспаға дайындап, ұсынған Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Мәлік Отарбаев.

01 желтоқсан 2014

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ,достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін белгілі қаламгер Мархабат Байғұт «Парасат» орденімен марапатталды. Құттықтаймыз.

16 желтоқсан 2011

Бірқатар журналистер мен қаламгерлер қатарында Мархабат Байғұт аға да «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен марапатталды. Жазушыны ел егемендігінің баянды болуына қосқан үлесі жоғары бағаланып, алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

29 қараша 2011

Аудан басшылары мен мәслихат депутаттарының шешімімен Мархабат Байғұт Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

01 қыркүйек 2011

М. Байғұт Шаян ауылында ардагер журналист, ОҚО Құрметті азаматы Б. Қонысбектің 70 жылдығына орай өткен  кешті жүргізді. Мәдениет Үйінде өткен кешке мерейгер, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы Б. Тәжібай, «Қазақстан -Шымкент» телеарнасының басшысы Ғ. Омарханов, аудан әкімі Р. Жолдас, т.б. қонақтар қатысты.

01 қыркүйек 2011

Мақтаарал Мәдениет Үйінің халық театры М. Байғұттың жаңа пьесасын сахналау үстінде. Режиссер Рабиға Бисебаева дайындап жатқан пьеса жаңа театр маусымында көрерменге ұсынылады.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу