Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

Шығармаларында адам өмірінің тылсым құпияларын, адамгершіліктің асыл құндылықтарын, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, табиғат сырын, адам психологиясын, жасөспірімдердің өмірдегі болмысын жан-жақты бере білген жазушылардың бірі – Мархабат Байғұт. Мархабат Байғұттың кез келген шығармасы мектеп жасындағы жастарға, ұстаздар мен ата-аналарға, тәрбиешілерге бағышталған, адамгершілік –мораль тақырыбына арналған. Үлкен-кішінің құмарта оқитыны содан. Адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, тәрбиелік мәні терең Мархабат Байғұттың «Интернаттың баласы», «Әдебиет пәнінің періштесі», «Дос пейілі», «Үш үй», «Таудағы андыз», «Патефон» атты шығармаларын мектеп оқушылары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасына енгізу туралы ұсынысым бар.

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу