МАРХАБАТНАМА...
КЕЙІНГІ ТОЛҚЫНҒА ҚАМҚОР БОЛДЫ
Біздің алдымызда мүйізі қарағайдай үш прозашы бар. Тынымбай Нұрмағанбетовтің орны бөлек, бір жыл бұрын «Айғыркісі» – Несіпбек Дәутайұлы кетті арқырап. Енді Мархабат Байғұтты да о дүниенің жолына шығарып салып отырмыз.
тамсандырды, сосын «Әдебиет пәнінің періштесін» өмірге әкеліп, әдебиет деген әлем мен әдемі әйелдің жан дүниесін астастырып, оқырманын тағы да тамсандырды. «Іштарлық пен құштарлықты» жазып болған соң іштарлығы жоқ кең дүниеге аттанып кетті.
Махаң алдыңғы толқынға бас иіп, маңдайынан сипаған алақан табы бойын жылытса, әркез артына бұрыла қарап, соңынан ергендерді сәйгүліктің сынын айтқандай саралап отыратын. Әдебиет туралы, қара сөз хақында әңгіме бола қалса, есім-сойымызды көлденең тартып, болашақ туралы батыл ойларын тігісін жатқызып жеткізетін. Осындай ағалар да аз қалды. Махаң да кетті қасымыздан.
Әдебиет деген аптапты аластап, мәңгілік мекеніңе кетсең де біз сені айтып отырамыз, асыл аға! «Жақсының аты өлмейді». Әдебиет ауылына өз қазығыңды қағып кеттіңіз. Бақұл бол, аға!
Қуандық ТҮМЕНБАЙ |