Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

БІР АУЫЗ СӨЗ...

Көркем әдебиет деген киелі, әулие дүние бар.


Мейірбандықтың мәңгілік мұң-зары көре алмаушылыққа, мейірімсіздікке, іштарлыққа, бақастыққа, қызғаншақтыққа, күншілдік пен күндестікке, сайып келгенде, сұрқия зұлымдыққа қарсы көркемдіктің күресіне келіп тіреледі емес пе?


Мұхаммед Хайдар Дулати (Дулат Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы) – ұлтымыздың ұлы перзенті. Қайран қазақ үшін ғана емес, күллі түркі және парсы жұрттарына, бүкіл адамзатқа ортақ тұлға. Теңдесі жоқ тарихшы. Дарынды әдебиетші. Зердесі терең зерттеуші. Айтулы ақын. Сырлы суретші. Әкім һәм хакім. Ел қалаған елбесы. Әскер қолдаған қолбасы.


Роман жанрының күні бітті деген көзқарасқа қосыла алмаймын. Оқырман көксандыққа арбалды екен, оқымайды екен деген себеппен ғана ұзақ жазылатын жауһар дүниені қысқартып, шұнтитып қорлауға болмас. Мәселе, көркемдің құнарда, көркемдік құпияда, сайып келгенде, сапада ғой.


Сайрам-Өгем — ұлт байлығы. Мемлекет мерейі. Оның ойдым-ойдым ормандары мен асқар-асқар алып таулары Оңтүстік өңірін Алатау арқылы Алтаймен, ары қарата Сібір және Моңғолия қыраттарымен, ал түстік тұста Памир мен Қарақорым арқылы Бұланайдай биіктермен жалғастырып жатыр. Теңдесі жоқ тау бұлақтарынан құралар Қашқансу, Сайрамсу, Өгемсу бастаған өзендер, 2100 метр биіктіктегі Мақпал көлі, төрт мың жылдан бермен қарата тербеліп тұрған алып аршалар. Таудың текті барыстары...
Аман сақтайық. Ана-Табиғатты аялайық. Баға жетпес байлықтың қадірін білейік!


Сайып келгенде, бәрі сөз бен істің бірлігіне байланысты.


Сенім үдесінен шығу жолында қаламымды мұқалтпай, қолымнан келгенінше елді, дәуірді, мемлекетті, адамдарды көркемсөзбен де жазып, суреттеуге тырысамын.


Сұлулық дегеніңіздің өзі жастық шақ екені рас шығар, сірә.
Жас дәурен дегеніңіздің өзі сұлулық қой.


Сөз бен істің бір жерден шығуы – ең басты нәрсе. Бұл – ақиқат. Бұл – аксиома.


Тарихта жер бетінен жойылып кеткен ұлттар, алауыздық түбіне жеткен жұрттар, құрдымға жұтылған мелекеттер аз емес. Тілінен, ділінен, дінінен мақұрымданған халықтар бар. Шүкіршілік, Қазақ елі ежелден аңсаған егемендікке,. Бүгінгідей бақ-берекеге, ынтымақ-бірлікке жетіп отыр.»


Тақырып дегеніңіз - шартты нәрсе.


Тек өз ауылымды ғана емес, қазақтың бар-барша ауылын сүйемін, сағынамын десем, әсірепатриоттыққа баламағайсыз. Қазақтың қай қиырына жолымыз түссе-дағы, бірер ауылын араламасақ, сағынышымыз басылмайды.


Туған тілдің тағдыры үшін титімдей де болса еңбек үлесіміз қосылса, арман да болмас.


Туған өлкенің тарихы мен тіліне осы бастан қызыға білу керек


Тіл мәңгілік болмаса, бәрі бекер. Өкінішке қарай, бүкіл әлемде өз тілінде сөйлемейтін, өз тілінде іс қағаз жүргізбейтін жалғыз мемлекет те - біздің он алты жасар Қазақстан.


Тілдің құнарын арттыратын да, көркейтетін де – көркем әдебиет.


Түркі дүниесі тұрғысынан қарағанда да, әлем жүзіндегі биіктерден бағдарлағанда да қазақ әдебиеті өзіндік өре-өрісін, өзгеше үн-әуенін танытып келеді.


Түркістан тағылымы. Түркінің текті төрі. Әзірет Сұлтан. Ұлы ұғымдар ұлағаты қашаннан-ақ қасиетті.


Тәуелсіз елдің басты нышаны – мемлекеттік рәміздері. Мемлекеттік рәміздеріміз – қазақ елінің егемендік белгісі, тәуелсіздік тұмары. Ал «Менің Қазақстаным» әр қазақтың, әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатындай тарихи, текті туынды.
Рәміздерімізге риясыз тәу етіп, тәуелсіздік тұмарындай қастерлеу – қасиетті парызымыз.


Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет ұлттық идеяға негізделуі керек.


 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу