Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

05 қыркүйек 2005

М. Байғұт облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы екені белгілі. Ол осы бағытта да қажырлы еңбек етіп, тіліміздің қолдану аясын кеңейту жолында жұмыс істеп келе жатыр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында М.Байғұт басқарған Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері күні қарсаңында «Ана тілі және отбасы» атты жоба дайындап, көпшіліктің назарына ұсынды. Жобаның басты мақсаты – еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыру. Осы «Ана тілі және отбасы» жобасы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитеті арқылы республикамыздың барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларына тәжірибе әрі бастамаретінде жолданды. Қазіргі таңда жоба бірқатар облыстар мен қалаларда қолдау табуда.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық Калифорния академиясының академигі, Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов қозғалыстың кезекті отырысын «Ана тілі және отбасы» жобасын талқылауға арнап, онда көтерілген мәселелер орынды және қазіргі уақытта өте керек екенін айрықша атады. Аталмыш жобаға жан-жақты қолдау көрсете отырып, республика бойынша іске асыруды ұсынды.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу