Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 желтоқсан 2009

Бәйтерек басылым – республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 90 жылдық торқалы тойы өтті. Аталмыш тойда газеттің оңтүстік аймақтардағы меншікті тілшісі Мархабат Байғұтқа Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын тапсырды. Жазушы ағамызды бұл үлкен мәртебесімен шын жүректен құттықтаймыз.  

21 желтоқсан 2009

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бүгінгі  № 192-193 санында М.Байғұттың «Шайырдың шынайылығы» атты мақаласы жарық көрді. Мақала бүгінде асқаралы 60 жасқа толып отырған ақын Кендебай Ахаттың шығармашылығына және жаңа кітабының жарық көруіне орай жазылған.
Біз де мерейгер шайырымызды шын жүректен құттықтап, «жүректен шыққан» жыр жарата беріңіз деп тілейміз.

16 желтоқсан 2009

Тәуелсіздік мерекесіне орай жазушы кітапханаларда, көптеген оқу орындарында өткізіліп жатқан кездесулерге қатысып, Желтоқсан көтерілісінің мәні мен маңызы, тарихтағы орны туралы пікірлерін ортаға салды.

05 желтоқсан 2009

Қала орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Байғұт иірімдері» атты кездесу кеші өтті. Кешті № 75 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Тілеуқабылова жүргізіп отырды.

11 қараша 2009

«Егемен Қазақстан» газетінің  № 371-372 санында М. Байғұттың  «Топырағына тартқан текті тұлға» атты мақаласы жарық көрді. Онда Шымкенттің Ж. Шанин атындағы облыстық драма театрының М. Х. Дулати туралы қойылымы жайлы жазылған.

30 қазан 2009

«Егемен Қазақстан» газетінің № 356-358 санында жарық көрген М. Байғұттың «Оңтүстіктің Ошаты» атты мақаласы шымкенттік актер О. Рахымов туралы. Сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті»  № 46 санында  «Қазіргі өркениет және қазақы көркемниет» атты қысқаша сұхбаты басылды.

20 қазан 2009

М. Байғұттың «Тікмінез Тілеукеев: Әсет Тілеукеевді еске алғанда» атты мақаласы  «Оңтүстік Қазақстан» газетінің  № 159-160 санында жарық көрді. Мақала аталмыш газеттің 85 жылдығы аясында жарық көрді.

16 қазан 2009

Кітап, оқу мәселелерінде үлкен жанашыр болып жүрген М. Байғұт Оңтүстік Қазақстан облысы кітапханашыларының ІІ форумының жұмысына белсене атсалысты. Форум барысында жазушы аталмыш мәселелер төңірегінде  баяндама жасап, ой бөлісті, форум аясында өткен «Ауыл кітапханашысы - 2009» сайысының қазылар алқасының төрағасы болды.

13 қазан 2009

М. Байғұт  облыстық драма театрында өткен белгілі ақын Х. Есенқарақызының  60 жылдық мерейлі кездесу кешін жүргізді. Кешке көптеген қаламгерлер қатысты.

12 қыркүйек 2009

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 298 санында М. Байғұттың  «Сағыныш саздары» тақырыбымен Б. Момышұлы, Т. Иманбеков туралы эссесі жарық көрді.

05 қыркүйек 2009

М. Байғұттың  «Мәртөбенің мәртебесі» атты мақаласы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің № 292 санында басылды.

28 шілде 2009

Байғұттың «Қызылқұмның қымыраны» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінің  № 248-249 санында жарық көрді.

17 шілде 2009

«Егемен Қазақстанның»  90 жылдығы аясында газеттің  № 239-240 санында
Жарық көрген Байғұттың «Әпке» атты мақаласы журналист Зейнеп Рысбекова туралы.

08 шілде 2009

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 233 санында М. Байғұттың. «Ақсақалдықтың аяғын ақсатпайық» атты мақаласы жарық көрді.

18 маусым 2009

«Ана тілі» газетінің  №24 санында  (18-24 маусым) Қыздар ПИ-ның студенті Г. Сыдықованың «Дауыстың түсі бола ма?: М. Байғұттың әңгімесі туралы» атты зерттеу мақаласы жарық көрді.

06 маусым 2009

Байғұттың  «Тараз тағылымдары» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінің  № 197 санында жарық көрді.

01 маусым 2009

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында М. Байғұттың «Осы жұрт оңтүстікті біле ме екен?..» атты мақаласы жарық көрді.

30 мамыр 2009

Байғұттың «Елдің Егемжары» атты қаламгер Е. Жанқабыл туралы мақаласы  «Оңтүстік Қазақстан» газетінің  № 78-79 санында жарық көрді.

27 мамыр 2009

Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында ілгеріде драматургия бәйгесінде жүлделі ІІ орын алған жазушы М. Байғұттың «Көксу комедиясы немесе әкім сайлау хикаясы» атты пьесасының премьерасы өтті. Пьеса өзекті, өткір мәселелерді көтергендіктен баспасөз бетінде қайшы пікірлер айтылған тартысты мақалалар жарық көрді.

22 мамыр 2009

«Қазақ әдебиеті» газетінің № 20-21 санында Қыздар ПИ-ның студенті Г. Сыдықованың «Уыз тілді жазушы: М. Байғұт шығармашылығы жайлы» атты зерттеу мақаласы жарық көрді.

 1 2>>>

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу