Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 желтоқсан 2010

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінде әр сенбі сайын оқырманмен қауышып жүрген «Ақтолғайдың» соңғы бөлімі шықты (№ 193-194). 40 тараудан тұратын бұл естелікнама газеттің Бас редакторы Б. Тәжібаевтың ұсынысы бойынша жарық көріп жүрген. Оқырманның жоғары бағасын алған, көпшілік іздеп жүріп оқитын сүйікті дүниесінің толық мәтінін біздің сайттан да оқитын боларсыздар.

29 қазан 2010

Қаламыздағы № 78 мектепте мектеп кітапханашысы Сиязова Шолпанның ұйымдастыруымен жазушы М. Байғұтпен «Сағындырған ауылым...» атты кездесу кеші өтті.

22 қыркүйек 2010

Жазушы Алматыда өтетін Қазақстан Жазушылар Одағының 75 жылдық мерейтойына қатысты. Бұл басқосуға оңтүстіктен 16 қаламгер қатысты. Олардың қатарында Н. Бегалы, Е. Тұрысов, Х. Есенқарақызы, Ә. Аймақ, Қ. Ергөбек, Ш. Орынбай, Б. Алдияр сияқты қаламгерлер бар.

17 қыркүйек 2010

Жазушылар мерекесіне аттанар тұста облыстың бір топ қаламгерлері «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұйытқы болуымен «Оңтүстік» баспасөз клубында бас қосты. «Елдің ертеңгі қаламгерлері кімдер?» деген «дөңгелек үстел» басында әдебиет ертеңі туралы пікір алысуға әдебиет табалдырығын енді аттаған жас талаптар да қатысты.

12 тамыз 2010

Жазушының «Қош бол, шипәнерім менің!» атты әңгімесі  «Нұр Астана» газетінің № 31 санында жарық көрді.

16 маусым 2010

Бүгін облыстық жасөспірімдер кітапханасында жазушы М. Байғұттың 65 жылдығына орай «Қара сөздің  хас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кездесу кеші өтті.
Мәтінді толық оқу

16 маусым 2010

Бүгін облыстық жасөспірімдер кітапханасында жазушы М. Байғұттың 65 жылдығына орай «Қара сөздің  хас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кездесу кеші өтті.
Мәтінді толық оқу

25 мамыр 2010

Бүгін оңтүстік мақтанышы, алаштың ардақты азаматы Мархабат Байғұттың туған күні. Жазушыны 65 жылдық мерейлі күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Алланың сүйген құлы, халықтың ардақты азаматы болып, басыңыздан бақ кетпесін, қаламыңыздың қарымы арта берсін деп тілейміз.

23 мамыр 2010

Жазушы М. Байғұттың 65 жылдығы аясында Пушкин атындағы ОҒӘК- да қаламгердің «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінде сенбі сайын жарық көріп жүрген «Ақтолғай: эсселерден есілген естелікнама» атты ғұмырнамалық әңгімелерін талқылау өтті. Кешке автор, бірқатар қаламгерлер мен оқырмандар қатысты.

20 сәуір 2010

Жазушы «Хамар» мектеп-интернатының ұстаздары мен тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесуді ұйымдастырған дінтанушы Аманкелді Есей.

20 наурыз 2010

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің өтініші бойынша аталмыш газеттің бүгінгі № 40-41 санынан бастап, әр сенбі сайын М. Байғұттың «Ақтолғай: эсселерден есілген естелікнама» атты мақалалары жарық көре бастады.

03 ақпан 2010

Бір топ  зиялы қауым өкілдері, мәдениет және әдебиет қайраткерлері  Елбасымен кездесті. Кездесу соңынан Президент біраз қайраткерлерге 2009 жылдың Президенттік және Мемлекеттік стипендияларын тапсырды. Президенттік стипендия алушылардың арасында жазушы Мархабат Байғұт та бар. Жазушы ағамызды жоғары мәртебесімен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіз еселеніп, қаламыңыз қарымды бола берсін.

29 қаңтар 2010

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі № 30-32 санында М. Байғұттың «Заманауи «Замана» атты мақаласы жарық көрді. Мақала шымкенттік басылым «Замана» газеті туралы.

«Қазақ әдебиетінің» бүгінгі № 4 санында белгілы ұстаз-ғалым, Әуезов атындағы ОҚМУ доценті Нариман Нұрпейісовтың «Үркердегі» әйдік әңгімелер» атты мақаласы жарық көрді. Мақала «Үркер» журналында басылған М. Байғұттың бүгінгі күн тақырыбына арналған шығармалары жайлы шолу.

28 қаңтар 2010

«Рейтинг» газетінің бүгінгі № 3 санында Сәуле Тайтелиеваның «Оқымағанға обал-ақ» атты мақаласы басылды. Мақала М. Байғұттың шығармашылығы туралы, сондай-ақ, бұл «Рейтинг» газетінің №1 санында жарық көрген О. Дәуіттің Ашық хатына оқырман ретінде үн қату да іспеттес.

15 қаңтар 2010

«Шымкент келбеті» газетінің бүгінгі № 2 санында М. Байғұттың «Көптомдық аты – «Қазығұрт», оған атсалысу – абзал парыз» атты мақаласы жарық көрді.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу