Жазушы, журналист, қоғам қайраткері

Мархабат Байғұт

ЖАҢАЛЫҚТАР

21 қыркүйек 2005

Бүгін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында «Ана тілі және отбасы» жобасын іске асырудағы жастардың ролі» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. Басқарма бастығы М. Байғұт жүргізіп отырған мәжілістің негізгі мақсаты - «Ана тілі және отбасы» жобасын жүзеге асыруға қоғамдық бірлестіктерді (саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар), әсіресе, жастрады мүмкіндігінше көбірек жұмылдыру, жоба бойынша пікір алмасып, ұсыныстар қабылдау, сонымен қатар, өзара және бірлесе әрекеттесудің жаңа жолдарын қарастыру болатын. Мәжіліске қатысқан «Рухани қазына» газетінің бас редакторы Халиолла Маджан, облыстық «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төһрағасы А. Толықбаев, «Ауыл» партиясының мүшесі Қ. Сәдібеков, «Бәйтерек» қоғамдық қозғалысының мүшесі А. Халходжаева, Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі Ж. Мақұлбек, т.б. ана тілімізді ардақтата білу жөніндегі өздерінің пікірін ортаға салды.Сондай-ақ, сұхбатқа жастар қоғамдық бірлестігінің басшылары, саяси партиялар жанындағы жастар қанатының жетекшілері, облыстық ішкі саясат және облыстық білім департаменттерінің қызметкерлері, облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның хатшысы, Шымкент қалалық әкімшілігі мәдениет және тіл бөлімі мен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кешті М. Байғұт қорытындылады.

 

Жаңалықтар архиві: 2004200520062007200820092010

 

http://baigut-uko.kz

Бастапқы бетке оралу